Павлодар қаласының білім бөлімі
e-mail: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz 140 000, Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25   Карта проезда телефон: 32-21-67 телефон доверия: 32-19-37
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2616405
Бір айда241323
Бір аптада60006
Кеше5766
Тәулік10254
Балабақша кезегін тексеру
Тегі (Мысалы: Абаев)
Туған жылы (Мысалы: 2009)

№25 жалпы орта білім беру мектебі

Вопросы и ответы

ФИО: Динара Қайратқызы
Отзыв: Сәлеметсіз бе! Менің балам з-ші сыныпта оқиды. Ағылшын тілін үйренгісін келеді. Бірақ, оның сыныпта ағылшын тілі- аптасына 1 рет. 3 а, ә, б, в сыныптарында - ағылшын тілі аптасына 2 рет. Неге? Біздің да, балаларымыз кем емес қой! Сырттан алуға ол қымбат нәрсе. Осы мәселені біз бірнеше рет көтердік. Әлі күнге,нәтиже жоқ.Сондықтан да, құрметті мектеп директоры Самал Оспанқызы аталмыш мәселені шешуіңізді өтінеміз. Барлық 3-сыныптарына ағылшын тілі аптасына 2 рет өткізілсін. Немесе, біз ата-аналарымыз Білім Басқармасына шағым жазамыз.
Добавлен: 2013-10-22 22:13:13
Комментарий:
Ағылшын тілі пәнін жаңа оқу жоспары бойынша 1-ші сыныптарда міндетті түрде оқытуға аптасына 1 сағат бөлінген. 2-4 сыныптар аралығында ағылшын тілін оқытуға арнайы сағат бөлінбеген, алайда біздің мектебіміздің тарапынан оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында факультатив сағаттарынан ағылшын тіліне 1 сағат бөлінді. Сағат санын 1 сағаттан артық қоюға мемлекеттік стандартқа сай жұмыстық оқу жоспарында қарастырылмаған. Сол себепті артық сағат қоюға мүмкіншілік жоқ. Ал 3а, 3ә, 3б, 3в гимназия сыныптары үшін ағылшын тілі пәнін оқытуға қосымша 1 сағат гимназия компонентінен бөлінді. Осыған орай аталмыш сыныптарда ағылшын тілі 2 сағат жүргізіледі. Егер жауабыңызға қанағаттанбасаңыз және осы бағытта түсінбеген сұрақтар туындаса, мектеп әкімшілігімен кездесіп кеңес алуыңызға болады.  
ФИО: Асел Т
Отзыв: Сәлеметсізбе! 2013-2014 оқу жылында 4- сыныпқа ОЖСБ бола ма? Болса қай пәннен , қашан?
Добавлен: 2013-10-06 15:55:04
Комментарий:
4-ші сыныптарда әлі белгісіз, бірақ дайындық жұмыстары жүргізілуде. 
ФИО: Фирма-"Ольвия"
Отзыв: Уважаемые директор и администрация школы. Из средств массовой информации мы знаем, что сейчас во многих учебных заведениях стоит вопрос о единой форме для учащихся и студентов. В связи с этим, мы хотим предложить Вам костюмную ткань в достаточном количестве и ассортименте для пошива специальной школьной формы, разработанной и утвержденной в вашей школе (учебном заведении). За наличный и безналичный расчет. Вы можете заказать форму у нас или в других ателье города (на ваше усмотрение). Прилагаем цены и приглашаем в наш магазин «Ольвия» посмотреть ткани и обсудить возможные варианты сотрудничества. Костюмная ткань «Москино» -синяя, серая, черная – розн.2400т., опт.1200т. Костюмная ткань «Роял» - молочная, коричневая, черная – розн.2900т. опт.1450т. Костюмная ткань «Кари» - черная – розн.2100т., опт. 1200т. Костюмная ткань «Анжелика» - черная, бордо, синяя – розн.1900т, опт. 1200т. Костюмная ткань «Мори» - черная – розн. 2100т., опт. 1200т. Костюмная ткань «Джанет» - черная – розн.2100т., опт. 1200т. Костюмная ткань «Алита» - черная – 2400т., опт. 1200т. Костюмная ткань «Бруш» - черная – 2100т., опт. 1200т. Фирма – «Ольвия» Наш адрес: Володарского 7 т.: 326519, факс: 325858, эл. адрес: olvia-pv@mail.ru
Добавлен: 2013-01-23 16:43:29
Комментарий:
в нашей школе уже есть форма, спасибо за предложения 
ФИО: оқушы
Отзыв: неге демалыс кезінде кейбір оқушылар сабақ оқиды.
Добавлен: 2013-01-18 00:35:53
Комментарий:
Демалыс кезінде тек қана 11 сынып оқушылары шақырды, себебі үйде өзбетімен дайындалғанша пән мұғалімінің жанында кеңес алып, ҰБТ -ға дайындалғанын жөн көрдік 
ФИО: 2-сынып ата-аналары
Отзыв: Павлодар қаласындағы №25 жалпы орта білім беру мектебінде өткен жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік жоғары деңгейде өткізілді. Ертегі кейіпкерлері балаларымыздың көңілінен шыға білді. Сондай-ақ, мерекенің жалғасы ретінде ата-аналар балаларымен естелікке Аяз ата мен Ақшақардың жанында фотосуретке түсу үшін мектепте арнайы орын ұйымдастырылған. Біз 2-сынып ата-аналары атынан мектеп әкімшілгіне және ұжымына алғысымызды білдіреміз және жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Добавлен: 2012-12-28 12:43:34
Комментарий:
Алғыс білдіргендеріңізге рахмет. Сіздерге де жаңа жыл мерекесі құтты болсын! 
ФИО: ата-ана
Отзыв: Сәлеметсіз бе? Сізден сұрайын дегенім өткенде ата-аналар жиналысында біздің 3 сыныптың мұғалімі баланың тілі шолақтығын және есте сақтау қабілеттері төменділігін себепке алып сабақ үлгерімі төмен болғандығын айтты. Сондықтан баланы қосымша ақылы сабаққа беруді сұрады. Сонда біздің мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесі болмағаны ма?! Егер бастауыш сыныптан баламды қосымшаға (ақылы) берсем, үкіметтің ұсынып отырған ақысыз оқуынан не қайыр. Неліктен өтілі көп мұғалім балалардың қызығушылықтарын арттырып, жаңа заманауи педагогикалық технологияны қолданбайды екен. сабақта қызықты тернинг тапсырмалары, даралап оқыту, деңгейлеп оқыту деген жоқ болғаны ма? Осы сұрақты кімнен білуге болады. Қазақ десең өзіңе тиеді, айтпайын десем тағы болмайды. Сізден жауап күтемін. Рақмет.
Добавлен: 2012-12-06 12:50:25
Комментарий:
Құрметті ата - ана сіздің сауалыңызға жауап беруден бұрын бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігінде мұғалімдердің заманауи талаптарға сай технологияларды, атап айтсақ "тәй - тәй" технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған технология құзыреттілік технологиясы кеңінен қолдану үрдіске кірген мұғалімнің тіл мүкістігіне байланысты берген ұсынысы мектептегі логопедтің күші жетпегендігін және де қалада ұйымдастырылатын қосымша арнайы логопедиялық көмек алуыңызды өтінгені деп түсініңіз.  
ФИО: Ата-ана
Отзыв: Сәлеметсіз бе? Сізден сұрайын дегенім, менің балам 3 сыныпта оқиды. Биылдан бастап орыс тіл пәні басталды. Әрине балама өте күрделі болды, себебі басқа сабақтар сияқты бірізділік пен жүйелілілікті көре алмадым. мысалы қазақ тілі пәнін дыбыс, сөз, сөйлем, т.б. ең қарапайым түрден бастадық. Ал неге орыс тілінің мұғалімі қараша айында жат жазуды (диктант) бастады. Осы сабақтың ұйымдастырылу әдіс-тәсілдерін кімнен және қалай білуге болады. Тағы да бір тоқталатын жағдай сыныпта өткен ата-аналар жиналыста біздің мұғаліміміз бізге баланың сабаққа үлгерімі төмен деген сылтау айтып, баланы қосымша ақылы сабаққа беруімізді ұсынды. Сонда мұғалімнің екі айлық жұмысының нәтижесі, еңбегі қайда? деген сұрақ өзінен-өзі туындамай ма? неліктен сабақ үстінде деңгейлік оқыту, тренинг тапсырмалары, т.б қызықты жаңа педагогикалық технологиялар қолданбайды екен. Немесе жеке-дара жұмыс жүргізілмей ме? Осы сұрақтарды қалай шешуге болады? ҚҰРМЕТПЕН: Динара
Добавлен: 2012-12-05 18:00:11
Комментарий:
3 сыныптан бастап орыс тілі оқытылады. Онда коммуникативтік даму бағдарламасы бойынша екі сағаттан дәріс беріледі қазақ тілі пәнінен алфавитті өтуіне байланысты және сондағы алған біліктілік деңгейлерін пайдалана отырып оқушылардың сауаттылығы арттырылады сабақта жеңілден ауырға қарай принципі сақталады. 1 тоқсан аяғында диктант емес сөздік диктанты алынды. Ол сөздік диктантында оқулықтағы есте сақтау сөздері қолданылды. Алдағы уақытта балаңыздың пәнге деген қызығушылығы артып білімін көтеретініне сенемін. Ешқандай ақылы оқытудың қажеті жоқ деп білемін. 
ФИО: мұғалім
Отзыв: неге қазір мектепте мұғалімдерді қағаз басты етіп қойды? мұғалімдердің неге сонша жазатын,қатысты болсын, болмасын қағазы көп?
Добавлен: 2012-10-23 22:03:18
Комментарий:
Мұғалімдердің қағаз басты болсада сабақтар уақытылы өтеді 
ФИО: 4 сынып оқушысы
Отзыв: 2015 жылы 12 жылдыққа өтетініміз рас па?
Добавлен: 2012-10-23 21:57:59
Комментарий:
2015 жылы 12 жылдыққа өту жоба түрінде әлі бекітілмеген. 
ФИО: 4 сынып оқушылары
Отзыв: маб болатыны, болмайтынын қашан ,қалай, әрі тез біле аламыз
Добавлен: 2012-10-23 21:55:12
Комментарий:
Казіргі уақытта МАБ емес ОЖСБ оку жетістігін сырттан бағалау деп аталады. Қашан болатыны ҚР Ғылым және Білім министрлігі бекітілген бұйрық негізінде айтылады, оқушыларға сол кезде хабарланады. 
ФИО: Жансүгір Зейнегүл Қадірбекқызы
Отзыв: Маутина Светлана Тулегенқызы! Сіз менің сабағымды өзіңіздің сабағыңыз ретінде жариялапсыз. У дыбысының дауысты болып айтылуы тақырыбын мен "Ашық сабақтар" сайтына жариялаған болатынмын.Шалқар қаласы І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зейнегүл Жансүгір
Добавлен: 2012-10-18 00:53:13
Комментарий:
Сізге рахмет! Кешіріңіз! Сіздің дайын сабағыңызды сабақ өткізу барысында қолданып сайтқа жіберілді. Пән мұғалімі ретінде менің аты жөнім жазылып кеткен болар. 
ФИО: Акбаян Т.
Отзыв: Сәлеметсізбе! 2013жылы 9сыныптарға МАБ бола ма?
Добавлен: 2012-09-06 18:08:52
Комментарий:
Сәлеметсізбе! 2012-2013 оку жылында МАБ тын болатыны не болмаса болмайтыны туралы әзірше ақпарат жоқ! 

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 4 соңғысы

Сiздiң IP мекенжайыңыз: 54.205.106.111

Captcha