kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2611057
Бір айда235795
Бір аптада56232
Кеше11051
Тәулік6407
Қалалық Президенттік олимпиаданың 16 жеңімпазы мен жүлдегерлері
17-11-2020 16:31
Қалалық Президенттік олимпиаданың 16 жеңімпазы мен жүлдегерлері

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығымен  2020 жылғы 16 қарашада қашықтық форматта ХІІІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен іскерлікті тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау. Қаланың 33 жалпы білім беру мектептерінен мектеп олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 11 сыныптың 34 оқушысы математика, физика, химия, биология жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша өз білімдерін тексерді.

 Олимпиада қорытындысы бойынша көп ұпай жинап және 2020 жылдың 18 қарашасында  олимпиаданың  облыстық кезеңіне  қатысуға 5 оқушының мүмкіншілігі бар: Қанат Ғасыр (№ 2 ЖОМ), Байдильдин Темир (№ 9 гимназия-мектебі), Полещук Юлия (№ 28 ЖОМ), Романова Анита (№ 26 ЖОМ), Сатлаева Юлия (№ 34 ЖОМ).

   II орынға 6оқушы ие болды: Гимазетдинова Виктория (№ 43 ЖОМ), Федотов Евгений (№ 39 ЖОМ), Ыңғайбек Жадыра (№ 37 ЖОМ), Поспелов Егор (№ 5 ЖОМ), Батяшова Дарья (№13 ЖОМ), Лодня Елизавета (№ 41 ЖОМ).

   III орынға 5оқушы ие болды: Феданова Юлия (№ 20 лицей-мектебі), Снежко Евгения (№27 мектеп), Жунусов Ислам (№29 мектеп), Каримкулова Дильназ (Б. Момышұлы атындағы мектеп), Семенченко Полина (Жетекші ЖОМ).

 Президенттік  олимпиада төрт кезеңде өтеді - қалалық,облыстық (2 турда өтеді - іріктеу және қорытынды) және республикалық.