kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2559347
Бір айда183254
Бір аптада48950
Кеше9081
Тәулік810
Қаланың жасөспірімдер олимпиадасында оқушылар 72 жүлделі орынға ие болды
09-01-2021 11:38
Қаланың  жасөспірімдер олимпиадасында оқушылар 72 жүлделі орынға ие болды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 6 қаңтарда    жаратылыстану-математикалық цикл және бағдарламалау - математика, физика, биология, химия, география, бағдарламалау пәндері бойынша қалалық қашықтықтан жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы  шығарылды. Мақсаты  -  жаратылыстану -математикалық бағыттағы пәндер мен  бағдарламалау   бойынша   олимпиадалық  резерв құру, оқушыларды   жоғары    деңгейдегі   олимпиадаларға  дайындау жүйесін жетілдіру.

         Төрт жыл бойы  жасөспірімдер   арасындағы  олимпиада    қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінен 7-8 сыныптардың ең дарынды және талантты оқушыларын жинайды. Олимпиадаға кезекті рет 36 мектептен 169 оқушы қатысып, оның ішінде 72 қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.

         Ең жоғары ұпай  жинап, 11 мектептен 17 оқушы І орын алды. «Бағдарламалау» пәні бойынша № 34 ЖОМ 8 - сынып оқушысы Юсопов Данил, № 39 ЖОМ 7 - сынып оқушысы Вирясова Кира, № 43 ЖОМ 7-сынып оқушысы математика пәні бойынша Левина Ангелина, № 34 ЖОМ 8-сынып оқушысы Абишев Нариман, № 38 ЖОМ 6-сынып оқушысы Тілеубекұлы Мұстафа, № 39 ЖОМ 8-сынып оқушысы химия пәні бойынша Ильяс Амирали, № 39 ЖОМ 8-сынып оқушысы Кананадзе Никита, № 34 ЖОМ, 8 сынып оқушысы Шахмет Алиша, Б. Момышұлы, биология бойынша - № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Зиневич Мария, № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Серікбай Нұрахмет, № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қасымов Рамиль, география бойынша - № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Жақсыбаева Малика, № 2 ЖОМ 7 сынып оқушысы Кунанбаев Ержан, № 11 ЖОМ 8 сынып оқушысы Попов Ярослав, физика бойынша - № 17 ЖОМ 7 сынып оқушысы Семидко Елизавета, № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы, Кильбер Елизавета, № 6 ЖОМ 8 сынып оқушысы иеленді.

           ІІ орынды 24 оқушы алды, оның ішінде бағдарламалау бойынша 3 оқушы (К. Макпалеев атындағы мектеп, М. Әуезов атындағы мектеп, № 9 мектеп-гимназия), математика бойынша – 7 оқушы ( № 6, 11,21, 25, 26 (2), 43), химия - 3 (№6, 17 (2), биология – 5 (№ 7, 21, 23, 34, 37 мектеп), география бойынша - 4 (№1 мектеп, № 9, 25, 30 мектеп-гимназиялары), физика бойынша - 2 (№5, 21 мектептер).

          ІІІ орынды 31 оқушы алды, оның ішінде бағдарламалау бойынша 1 оқушы № 2, математика бойынша 10 оқушы (№ 1, 2 , 14 мектептер (2), № 16 мектеп-лицейі (2), 37, 40, 41, М. Әуезов атындағы орта мектеп), химия – 3 (№11, 14, М. Әуезов атындағы мектептер), биология – 8 (№25, 26, 27, 43 мектептер, М. Әуезов атындағы № 16 мектеп-лицей, Кенжекөл ЖОМ (2), география - 7 (М. Әуезов атындағы мектептер, № 9 мектеп-гимназия (2), мектеп-лицей № 16, 29 (2), 34), физика пәні бойынша - 2 (Б.Момышұлы атындағы мектеп, № 37).

         Жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Алты пән бойынша жеңімпаз атанған 17 оқушы 2021 жылғы 13-15 қаңтарда облыстық олимпиадаға қатысады.