kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2560176
Бір айда184083
Бір аптада49779
Кеше9081
Тәулік1639
Пайдалы демалыс
13-01-2021 09:10
Пайдалы демалыс

2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 10 қаңтар қысқы демалыс кезеңінде қызығушылық пен бос уақыт бойынша жұмыспен қамтудың барлық нысандарымен Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 40000-нан астам оқушысы қамтылды. Мақсаты - пайдалы және белсенді қызметті ұйымдастыру жүйесін дамыту және жетілдіру, балалардың шығармашылық дамуы, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байыту үшін құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Қазақстан балалары - қысқы ғажайып! - Дети Казахстана - зимнее волшебство!» атты іс-шаралар жоспары шеңберінде қаланың жалпы білім беретін мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде онлайн кездесулер, марафондар, акциялар, байқаулар, спорттық жарыстар, көрмелер, экскурсиялар өткізілді. Әлеуметтік желілерде «Таланттар әлемі!» атты балалардың ән орындау, би билеу, шешендік өнері бойынша қойылымдары ұсынылды.  

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ және ішкі істер департаменттерінің өкілдерімен онлайн кездесулер өткізіліп, жол қозғалысы ережелері бойынша бейнероликтер көрсетілді. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» ұранымен қаланың және облыстың танымал спортшыларымен онлайн кездесулер өтті, ZOOM платформасында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Қала мектептерінде «Біздің отбасымыздағы Жаңа жыл» онлайн көрмесі, «Жаңа жылға отбасылық дәстүрлер: бос уақыт, коллекциялар», «Біздің отбасылық жәдігерлеріміз» атты бейне жобалар байқауы өтті. Балалар отбасы ортасында жасалған өздерінің фотоматериалдарын ұсынды, роликтер түсірді, үздік материалдар мектептердің әлеуметтік желісінің беттерінде жарияланды. Облыс мектептері арасындағы қашықтық би марафонын қала мектептерінің 10000-нан астам оқушысы қолдап, қатысты.

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері арасында «Дені саудың - жаны сау» ұранымен онлайн жарыс ұйымдастырылды, оған 300-ден астам жас спортшы қатысты. «Құстарға арналған жемхана» онкүндігінде 700-ден астам жас экологтар ата-аналарымен бірге экологиялық сана деңгейін көрсетіп, құстарға қамқорлық көрсетті. Балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушілері «Жер планетасында Жаңа жыл» вернисажының фотосуретін ұсынды.