kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2332073
Бір айда179641
Бір аптада38081
Кеше9747
Тәулік306
Балалар және халық шығармашылығын дамыту
06-04-2021 10:04
Балалар және халық шығармашылығын дамыту

Павлодар қаласының Балалар техникалық мектебінде «Дәстүр towards» қалалық онлайн байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 7 - 18 жас аралығындағы балалар сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері бойынша ат салысты. Мақсаты - дарынды балаларды қолдау, эстетикалық және көркем шығармашылық пен халық өнерін дамыту. Байқау қорытындысы бойынша «Сәндік - қолданбалы өнер» номинациясында жұқа киізден орындалған «Дастархан» коллажы үшін 12 жастағы Василиса Форостьянова І орынды иеленді, II орын тоқыма, сым, жіп және пластик сияқты материалдарды қолдана отырып аралас техникада орындалған «Қара жорға» қуыршағы үшін Анель Прудниковаға берілді, 15 жаста, «Киіз басу» техникасында орындалған «Алдар Көсе» қуыршағы үшін III орынды 16 жастағы София Беген иеленді.

- Мен киіз басу өнерін көркемсурет мектебінде ұстаз Ольга Ивановна Ловинадан үйрендім. Маған жүнмен жұмыс жасау ұнайды, одан дымқылдап және құрғақ жабағылау техникасында түрлі суреттер жасауға болады. Мен бұл қуыршақты құрғақ басу техникасында бүктеу әдісімен арнайы инелердің көмегімен қаңқаға жасадым, - дейді Беген София.

«Бейнелеу өнері» номинациясында Елизавета Веселова гуашь техникасында орындаған «Домбырамен натюрморт» суретімен, 14 жас, Карина Викулова аралас техникада орындалған «Тұлпар» суретімен, 13 жас, Фаинна Маликова «Шуақты күн» суретімен, 13 жас, Карина Сәрсенбай «Қонақжайлылық» суретімен, 13 жас,  Юлия Терещенко «Қойшы» суретімен, 13 жас, Дайана Титова «Ұлттық натюрморт» суретімен, 13 жас, Александра Шарарова, 13 жас «Дастархан басында» суретімен жеңімпаз атанды.

Байқауға қазақ халқының қолданбалы өнері элементтерімен орындалған жұмыстар мен «Ұлттық дәстүрлер» тақырыбындағы түрлі техникадағы суреттер ұсынылды. Халық шығармашылығына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты балалар жасаған әр жұмыста байқауға болады. Біз оқушылардың байқаудағы жетістіктеріне қуаныштымыз, олар барлық номинацияларда жүлделі орындарға ие болды, - дейді мектеп директорының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова.

8 - 13 жас аралығындағы балалар көркемсурет мектебінің 8 оқушысы гуашь техникасында орындаған: «Наурыз көже», «Таңғы дастархан», «Наурыз - көктем мерекесі», «Бейне», «Туған ауыл», «Көктемгі гүлдер», «Аттардың далада серуендеуі», «Ұлттық сурет» суреттері үшін жүлдегерлер атанды.