kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2331777
Бір айда179345
Бір аптада37785
Кеше9747
Тәулік10
Елбасы медалінің иегерлеріне құрмет көрсету
07-04-2021 15:51
Елбасы медалінің иегерлеріне құрмет көрсету

Елбасының медальдарын табыстауға арналған салтанатты іс-шара 2021 жылғы 7 сәуірде Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның қатысуымен өтті.

«El Úmiti» бастамасы аясында «Елбасы медалі» ауқымды челленджі 14-29 жас аралығындағы жастар мен өршіл қазақстандықтарға арналған талантты жастарды анықтауға және қолдауға бағыттау үшін 2020 жылдың шілде айында Нұрсұлтан Назарбаевтың қорымен іске қосылды.  Қор бірнеше білім беру жобаларын жүзеге асыруда: «El Maqtanyshy» сыйлығы, «Елбасы медалі» бағдарламасы, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы. Жобаға қатысушылар өз дағдыларын жеті бағыт бойынша дамытты: спортта, таланттарды дамытуда, кітап оқуда, ұлттық мұрада, волонтерлікте, туристік жорықтарда және еңбек практикасында. Кезеңдерден өту алты айға созылды, жобаға қатысушылардың әрқайсысының өз тәлімгері болды, оны жоба ұйымдастырушылары тағайындады.

Қала әкімі өз сөзінде бұл күндері марапаттау шаралары Қазақстанның барлық өңірлерінде өтіп жатқанын атап өтті. Павлодар жеңімпаздар саны бойынша көшбасшылардың бірі болды. Елбасы медалінің иегерлері 40 павлодарлық оқушылар болып табылады.

«Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары атынан № 40 ЖОМ 10 сынып оқушысы Каиров Абзал сөз сөйледі.

- «Елбасы медалі» көптеген талантты, креативті және патриоттық балалар мен жастарды құрған жасампаз жобаға айналды. Жобаның алты айында мен 7 сатыдан өте алдым, көптеген жаңа нәрселерді білдім және барлық мақсаттарыма қол жеткіздім.

Шараға «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары, Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 34 оқушы қатысты.

«ELBASY TABYSTYN JETI BAGYTY» медалімен № 5 ЖОМ 8 сынып оқушысы Айгазинов Ильдар, Қ. Бекхожин атындағы мектептің Хайдарова Диляра (7 сынып), Камиева Сабина (11 сынып), № 14 ЖОМ Богомолова Дарья (9 сынып), № 16 лицей-мектептің Жакупов Даниял, Иманахмет Жәңгір (10 сынып), Гидей Никита (9 сынып), № 17 ЖОМ Граблева Аделина (8 сынып), № 20 лицей-мектептің 11 сынып оқушылары Уразалимова Сана, Алтаева Томирис, Каленова Дильназ, Амангелді Аяжан, Б. Момышұлы атындағы мектептің  оқушылары Нұрғажинова Данеля (11 сынып), Науразбекова Гульсара, Октәш Дәрия, Хамитова Әмина (9 сынып), № 24 ЖОМ Алиясов Рахат (10 сынып), № 25 ЖОМ Айтбаева Аяулым (8 сынып), Смағи Айғаным (10 сынып), № 26 ЖОМ Литвинова Елизавета (8 сынып), № 27 ЖОМ Идрисова Томирис (9 сынып), Снежко Евгения (11 сынып), № 28 ЖОМ Искаков Әділ (11 сынып) Марченко Татьяна (11 сынып), № 29 ЖОМ Ускембаев Дамир (11 сынып), № 34 ЖОМ Семидко Елизавета (8 сынып), № 38 НОМ  Солтанмұрат Дильназ (9 сынып), № 39 ЖОМ Гнускина Екатерина (8 сынып), Левицский Захар (9 сынып), № 40 ЖОМ Каиров Абзал (10 сынып) М. Әуезов атындағы мектептің оқушысы Сулекеева Дина (8 сынып), № 43 ЖОМ Нұрғалиев Даниял, Солоденко Анастасия (8 сынып), Кенжекөл ЖОМ оқушысы Алпамыс Маджида (10 сынып) марапатталды.

Айта кету керек, 2020 жылы облыс әкімі 3 белсенді қатысушыға алғашқы қола медальдарды табыс етті: Рудько Эвелина (9 сынып) № 17 ЖОМ, Дәулет Арнұр, Искаков Алланұр (10 сынып) № 24 ЖОМ. Сонымен қатар, 7 сәуірде облыс әкімімен марапаттау рәсіміне қала мектептерінің 2 оқушысы қатысты: Краскова Арина (11 сынып) № 17 ЖОМ, Садвакасов Бижан (10 сынып) № 37 ЖОМ.