kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2327988
Бір айда168953
Бір аптада32903
Кеше2367
Тәулік540
Жас еріктілер коронавирус кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау үшін
28-04-2021 16:39
Жас еріктілер коронавирус кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау үшін

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 26 сәуірде «Салауатты өмір салты еріктілері» қашықтық қалалық конкурсын өткізді. Мақсаты - салауатты өмір салты, адамгершілік және эстетикалық тәрбие үшін еріктілер қозғалысын насихаттау. Байқауға қаланың жалпы білім беретін № 1, 7, 11, 14, 28, 29, 34, 35, 43, К. Бекхожин атындағы мектептің құрамында 2 - 4 сыныптың 96 оқушысы бар10 команда қатысты.

   Байқау шарты бойынша командалар оқу жылы бойы «Жас  қыран» еріктілер командаларының атқарған жұмыстары туралы бейнематериалдар ұсынды. Қазылар алқасының мүшелері ұсынылған материалдардың бірегей идеяларын, шығармашылық тәсілін, креативтілігін және орындау мәдениетін атап өтті.

  Байқау қорытындысы бойынша I орынды Қ. Бекқожин атындағы мектептің «Болашақ» командасы иеленді. Олар өз бейнелерінде мектепте коронавирус кезеңінде санитарлық талаптарды қалай сақтайтынын дәйекті түрде көрсетті.

     II орынды № 7 мектептің «Еркін елдің ерік - жігері», № 35 мектептің «Мейірімді жүрек», III орынды № 28 мектептің «Волонтер», № 34 мектептің «Будь здоров» командалары иеленді. Жеті минуттық роликтерде олар қайырымдылық акцияларына, волонтерлік челлендждерге және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу туралы сюжеттерді ұсынды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болады.