kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2327988
Бір айда168953
Бір аптада32903
Кеше2367
Тәулік540
Инклюзивті білім беру бойынша үздік 16 оқу-әдістемелік құралдары
04-05-2021 14:54
Инклюзивті білім беру бойынша үздік 16 оқу-әдістемелік құралдары

Облыстық білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 29 сәуірде инклюзивті білім беру бойынша «Үздік оқу-әдістемелік құралы» атты облыстық байқаудың материалдарын онлайн қорғауын өткізді. Байқаудың мақсаты - жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы және инклюзивті білім беру педагогтерінің оқу пәндерінің бейімделген бағдарламаларын, әдістемелік-дидактикалық құралдарын жасау бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау.

Байқауға облыстың арнайы, жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі сабақтың білім беру ортасы» (сабақ, оқу сабағы, білім беру бағдарламасы), «Түзету-дамытушылық оқыту», «Психологиялық-педагогикалық диагностика: мәселелер, ізденістер, шешімдер», «Білім беру тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде» бағыттары бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді, электрондық оқулықтарды, пәндер бойынша бағдарламаларды, дидактикалық ойындар мен жаттығуларды, тренажерларды, үйірмелер мен түзету сабақтарының бағдарламаларын ұсынды.

Байқаудың 1-ші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша облыстың 37 педагогі, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 28 педагогі, атап айтқанда 21 жалпы білім беретін мектептердің, 7 мектепке - дейінгі білім беру мекемелерінің жұмыстарын қорғау бойынша 2-ші турға өтті.

Жұмыстарды қорғаудың қорытындысы бойынша облыстың 23 педагогі жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде Павлодар қаласының 16 педагогі, оның ішінде I орын - 5, II орын - 5, III орын - 6. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақтың білімдену ортасы» бағыты бойынша № 17 мектеп мұғалімдері Нұржанова Бағлан Назымқызы, Ибраим Махаббат Қасенқызы, № 5 мектеп мұғалімі Байғабулов Жақсыбек Жастілекұлы, «Білім жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде» бағыты бойынша, «Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы сабақтың білімдену ортасы» - № 49 балабақшаның шығармашылық тобы (жетекшісі Смағұлова Жанат Аскарқызы), «Түзету-дамыту ортасы - Крупченко Елена Геннадьевна, № 82 арнайы балабақшаның тәрбиешісі, «Білім беру тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде» - балабақшалардың логопедтерінің қалалық шығармашылық тобы І орынға ие болды.

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы сабақтың білімдену ортасы» бағыты бойынша № 34 мектептің мұғалімі Сатвалдина Ризагуль Сембаевна, «Түзету-дамыту ортасы» бағыттарында қала мектептерінің логопедтерінің қалалық шығармашылық тобы, «Психологиялық-педагогикалық диагностика: мәселелер, ізденістер, шешімдер» - Зейнуллин Ғалымжан Зейноллаұлы, № 15 мектептің мұғалімі, «Білім тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде» - Жантемирова Диляра Қизатқызы, Бессарабова Наталья Николаевна, Багадатова Анара Смағұлқызы, № 26 мектеп мұғалімдері, «Түзете-дамыта оқыту» - Марилова Светлана Александровна, № 96 балабақша психологы ІІ орынға ие болды.

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақтың білім беру ортасы» бағыты бойынша Кадакова Светлана Юрьевна, Төлебаева Салтанат Бахитқызы, Тұрсынбаева Нұргүл Кеңесбекқызы, № 43, 41, М. Әуезов атындағы мектептердің география пәні мұғалімдері, «Түзету-дамытушылық орта» бағыты бойынша Алпысбаева Алтынай Жилкибаевна, № 6 мектеп мұғалімі, «Психолого-педагогикалық диагностика: мәселелер, ізденістер, шешімдер» бағыты бойынша Кожахметова Мария Антаевна, Адильханова Гүлсім Қайыржанқызы, № 29 мектеп мұғалімдері, Джумадиева Айгүл Жылқыбайқызы, № 6 мектеп мұғалімі, «Түзету-дамытушылық оқыту» бағыты бойынша - Цветкова Ирина Владимировна, № 14 арнайы балабақша тәрбиешісі, «Психолого-педагогикалық диагностика: мәселелер, ізденістер, шешімдер» - Нуралина Әйгерім Серғазықызы, № 5 балабақша психологы ІІІ орынды иеленді.