kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2219774
Бір айда79660
Бір аптада13860
Кеше2652
Тәулік183
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау
09-07-2021 15:33
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептеріне 1-сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден өтініштерді беру eGOV порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарды ашу басым бағыт болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік тілде оқитындар саны орта есеппен 1500 оқушыға артып келеді. Өткен оқу жылында 1-сыныпқа жалпы саны 4700-ден астам оқушы келді.

Бүгінгі таңда 1-ші сыныпқа қала мектептеріне 3000-нан астам оқушы қабылданды. Ең көп өтініш Б. Момышұлы атындағы, № 9, 25, 39, 34 мектептеріне келіп түсуде.

1-сыныпқа оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес мектептер дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, балаларды алты жастан бастап және осы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. Мектептердің аумағында тұратын балалар басымдыққа ие. Сондай-ақ, ата-аналар аумағындағы мектепке емес өтініш бере алады, ал үште-бір қағидаты бойынша, яғни мектептер үш бала өз аумағынан, содан кейін бір баланы аумағынан тыс қабылдайды.

EGOV порталы арқылы бірінші сыныпқа өтініш беру үшін 3 құжат қажет:

Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны).

Егу паспорты (063/у нысаны).

Көлемі 3х4 сандық фотосурет.

Мектеп бірінші сыныпқа балаларды қабылдау кезінде емтихандар мен тестілеу өткізілмейді. Интернетке қол жетімділігі жоқ ата-аналар үшін барлық мектептерде өтініш беру үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, балаларды қабылдау мәселелері бойынша сall-орталықтар жұмыс істейді. Сондай-ақ Павлодар қаласының білім беру бөлімінде 30-14-91 телефоны бойынша сall-орталық бар.