kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2219708
Бір айда79594
Бір аптада13794
Кеше2652
Тәулік117
Павлодар өңірінің 7 оқушысы «Қазақстанның Дарынды Оқушылары» жинағына енді
10-07-2021 10:40
Павлодар өңірінің 7 оқушысы «Қазақстанның Дарынды Оқушылары» жинағына енді

   Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстанның Дарынды Оқушылары» жинағына облыстың 20 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7 оқушысы енді. Мақсаты - тәуелсіздік жылдары білімдерімен, озық ой-өрісімен, спорттық жетістіктерімен ерекшеленген дарынды оқушылардың ғылымдағы білімдері мен жетістіктерін дәріптеу, алдағы уақытта ел болашағына өз үлесін қосатын ұрпақтың есімдерін көпшілікке паш ету.

   Жинақта еліміздің әр өңірінен ғылым мен спорттың әр саласында жетістікке жеткен оқушылардың қысқаша өмірбаянымен бірге оларды болашаққа жетелейтін басты бағыттар туралы баяндалады. «Қазақстанның Дарынды Оқушылары» қызыл кітабы 2021 жылы жарық көрді, оған еліміздің 12 өңірінен келген оқушылар енді.

  Жинаққа енген оқушылар 5 сұраққа жауап берді: болашақта кім болғың келеді?, Сіздерді не ынталандырады?, Сен үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе не?, Өзің үлгі тұтатын адамың кім?, Жетілуің немесе елің үшін не істегің келеді?

   Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Амангелді Аяжан Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бейнероликтер қалалық конкурсының жеңімпазы, «Шығыстың көрнекті ойшылы» зияткерлік қашықтық конкурсының (II орын), Павлодар қаласының 300 жылдығына арналған «Павлодар жүрегімде» онлайн конкурсының, «Менің бастамам-менің Отаным» шығармашылық жобалар конкурсының жеңімпазы - III орын (2020 жыл). Ол үшін өмірде адамгершілік маңызды. - Мен әлеуметтік олқылықтар туралы ашық айтып, теңсіздікті жойғым келеді, - деп жазды Аяжан.

   Павлодар қаласы № 40 ЖОМ 10-сынып оқушысы Каиров Абзал Елбасының қола медалінің иегері, математика пәні бойынша Әл-Фараби халықаралық олимпиадасының жүлдегері (III орын), «Үйімнің кітапханасы» қалалық конкурсының «Өзің оқы, достарыңды тарт» номинациясының номинанты (2020 жыл). - Болашақта математика пәнінің мұғалімі болғым келеді. Мемлекеттің үздік жастары қатарында болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелерінде көмек көрсеткім келеді, - деп жазады Абзал.

   Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Рыбин Данила «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы республикалық штабының Алғыс грамотасымен, «Сердца Павлодара» ҚҚ Алғыс хатымен марапатталды. «Жас Өркен 2020» сыйлығының «Үздік волонтер» номинациясының гран-при иегері, «КТК» мектеп лигасы арасындағы жеңісі үшін II дәрежелі дипломмен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт бригадаларының облыстық конкурсында I дәрежелі дипломмен марапатталған. «Мен өз Отанымды шетелде танытқым келеді, үлгі тұтар адамдарды іздемеймін, менің өмір жолым бар», - деп жазды Данила.

   Айтбаева Аяулым, Павлодар қаласының № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы. «Родные мотивы» III Халықаралық балалар шығармашылығы көрмесінің жоғары көркемдік шеберлігі үшін алғыс, Ресей, Рубцовск қ. (2013 жыл), «Алтын асық» II облыстық зияткерлік ойынының сертификаты (2015 жыл), «На своей земле» халықаралық кескіндеме және графика конкурсының қатысушысы. Минск қаласыныңЛауреат дипломы, (2015 жыл), ПОНИ Халықаралық турнирінің сертификаты (2014 жыл), «Эрудит» республикалық зияткерлік порталының «Алдар көсе мен бай»конкурсының III дәрежелі дипломы (2016 жыл). - Мен үшін отбасымның амандығы мен денсаулығы маңызды. Өзім үшін еліміздің жан-жақты дамыған, жоғары білімді және білікті азамат болуға тырысып жүрмін» - деп жазды Аяулым.

   Павлодар қаласының № 40 ЖОМ 8-сынып оқушысы Хайдарова Диляра Елбасының қола медалінің иегері, классикалық шахмат бойынша біліктілік турнирінде I орын, Шахмат академиясы (2020 жыл). - Педагог болғым келеді, мақсатыма жеткім келеді. Болашақта еліміздің табысты, үлгілі азаматы болып. елімізді дамытқым, - деп жазады Диляра.

   Павлодар қаласының № 1 ЖОМ 7-сынып оқушысы Балнұр Оркенова - таеквондодан Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, «Кубок Севера»халықаралық турнирі  (2015, 2016 жылдар), «Боец Азии» Халықаралық турнирдің (2016, 2017 жылдар), әлем чемпионы, Оңтүстік Африканың Дурбан қаласы (2018 жыл), Еуропа чемпионы, Ресейдің Қазан қаласы (2019 жыл). - Мен елді танытып, Олимп шыңына жеткім келеді», - деп жазды Балнұр.

   №27 ЖОМ 11-сынып оқушысы Евгения Снежко орыс тілі пәнінен республикалық олимпиадада III орын алды, Елбасының қола медалінің иегері. - Болашақта қаржыгер болғым келеді. Менің елім барлық жағынан ұздіктердің үздігі болғанын қалаймын, - деп жауап берді Евгения