kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2226827
Бір айда186316
Бір аптада42068
Кеше3278
Тәулік233
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жазғы маусым аяқталды
03-09-2021 10:56
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жазғы маусым аяқталды

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жазғы маусымда қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 232 оқушысы демалды, оның ішінде 120-дан астам бала жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасыларынан.

Оқушылардың бос уақытын қызықты өткізу үшін ойын бөлмелері, тренажерларда жаттығу үшін - кең спорт залы, жарыстар өткізуге - акт залы, ашық ойындар мен спорттық шараларға - ашық алаңдар бар. Лагерьде күніне бес рет тамақтану ұйымдастырылды, ал медицина қызметкері тағамның сапасын, дәрумендендірілуін, шырындарды, жемістерді, сүт өнімдерін, көкөністерді мәзірге енгізуді бақылады. Сауықтыру рәсімдері күн сайын жүргізілді.

Жазғы лагерь бағдарламасы дене шынықтыру мен сауықтыруға, мәдени іс-шараларға, шығармашылық үйірмелермен айналысуға, таза ауада болуға, танымдық экскурсияларға қатысуға бағытталған.

Балалар өздерінің топтарын құруға қуанышты болды, таңертеңгі жаттығулардан бастап әр түрлі іс-шараларға бастамашылық пен шығармашылықтарын көрсетіп, белсенді қатысты. «Үнді күні», «Нептун күні», «Апельсин шоуы», «Мисс жаз бен мистер жаз», «Жаңа әдістегі ертегілер», «Батпырауық фестивалі», «Менің кейіпкерім» іс-шаралары, «Мен және эмоциялар», «Менің жасағым» атты психологиялық тренингтер өте қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.

Жазғы демалыста орталыққа демалуға келген оқушылар топпен жұмыс жасауды, жаңа ойындарды үйренді, достар тапты, өздерінің білімі мен дағдыларын дамытты.