kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2226827
Бір айда186316
Бір аптада42068
Кеше3278
Тәулік233
Павлодарлық оқушылардың орманшылар туралы шығармалары
10-09-2021 09:26
Павлодарлық оқушылардың орманшылар туралы шығармалары

Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінде «Орманшы - мамандық» атты шығармалар сайысының қорытындысы шықты. Шығармалар сайысына Павлодар қаласының № 40 мектебінің 4-сыныбынаң 15 оқушы қатысты. Қатысушылар өз шығармаларында орманшы мамандығы туралы өз көзқарастарын білдірді.

- Орманшы - ол батыр! Орманның, жабайы табиғаттың және адамдардың батыр кейіпкері. Басқалар табиғатқа зиян келтіріп жатқан уақытта олар табиғатты қорғайды, - деп жазды байқауға қатысушы Сағадат Асанали. Байқауға қатысушы Рубцов Александрдың пікірінше, рухани бай адам ғана жақсы орманшы бола алады.

- Шығармалар байқауының қорытындысын жақында ғана шығардық, - дейді Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жусупов. Үздік шығармалар қорытындысы бойынша сайыста I орынды Артем Строкань иеленді. Оған смартфон берілді. II орынды Анастасия Белоусова мен Сағадат Асанали иеленді. Олар ақылды сағаттармен марапатталды. III орынды Александр Рубцов иеленіп, марапатқа құлаққап алды. Барлық 15 қатысушы кеңсе тауарлары жиынтығын алды.

Байқаудың жеңімпазы Артем Строкань өз шығармасында «орман болмаса, бүкіл адамзат болмайды» деп атап өтті. - Бұл сөздермен дауласу қиын, - дейді Аждар Жүсіпов,