kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2226827
Бір айда186316
Бір аптада42068
Кеше3278
Тәулік233
Туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің жеңімпаздары
10-09-2021 17:27
Туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің жеңімпаздары

Балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру мақсатында 2021 жылғы 31 тамыз - 2 қыркүйек күндері аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициялық жасақтардың облыстық кезеңі қашықтық форматта өткізілді. Слетке облыс өңірлерінен 100-ден астам оқушы құрамында 11 команда, оның ішінде Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

12 - 17 жас аралығындағы қатысушылар өлкетану, экология, туризм бойынша конкурстарға қатысу кезінде бард әндерін орындауда өз дағдылары мен шеберліктерін көрсетті. Олар «Жас өлкетанушы», «Туған өлке соқпақтары», «Туризм білгірлері», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлкенің тарихы», «Экологиялық соқпақ» бөліміне, жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге қатысты.

Облыстық слет қорытындысы бойынша Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының құрамында № 30 ЖОМ 8 сынып оқушысы Хамитова Ханшайым, № 42 ЖОМ 8 сынып оқушылары Докучаева Васелина, Муравкина Дарья, № 9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Сұлтанбеков Бекзат, № 33 ЖОМ 5 сынып оқушылары Қуандык Әлихан, Сағат Санжар, Павлодар химия-механикалық колледжінің студенті Дьяченко Антон абсолютті чемпион атанды.  Өлкетану бөлімінде команда құрамы «Туған өлке соқпақтары», «Жас өлкетанушы», «Ең керемет туристік өлке» номинациялары бойынша үздік деп танылды. Команда қалалық слет кезеңінің жеңімпазы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік  дене шынықтыру орталығының дипломдарымен және медалдарымен марапатталады. Хамитова Ханшайым, Докучаева Васелина, Сұлтанбеков Бекзат республикалық слетке қатысады.