kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2237661
Бір айда249924
Бір аптада50830
Кеше4757
Тәулік6550
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту бойынша педагогтердің шығармашылық қызметі
24-11-2021 09:08
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту бойынша педагогтердің шығармашылық қызметі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ZOOM платформасында онлайн режимде «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдіснамалық негіздері. Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту» атты семинар-практикум өткізілді. Мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстыру, әлеуметтендіру және оқытудағы жұмыс тәжірибесімен алмасу. Инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін 100 директордың орынбасары, бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-ассистенттері қатысты.

Семинардың пленарлық бөлімінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдіснамалық негіздері» мәселесі бойынша сөз сөйледі. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жасалған жағдайлар туралы айтып, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білімін қайталау, жалпылау және түзетуді ұйымдастыру кезінде сараланған тәсілдің ерекшеліктеріне назар аударды. Ұныбаева Динара Серікқызы, № 43 ЖОМ директорының орынбасары «Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту» тақырыбымен сөз сөйледі, Идилуп Айман Төлегенқызы, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының аға оқытушысы, тренері ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін бейімделген бағдарламалар мен жиынтық жұмыстарды жасау ерекшеліктеріне тоқталды, жеке бағдарламалар мен бағалау жүйесі бойынша нақты ұсыныстар берді.

Практикалық бөлімде ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс бойынша № 43 мектеп педагогтарының шығармашылық зертханалары ұсынылды. Тимофеева Инна Михайловна, педагог-зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі, баланы жергілікті қоғамға бейімдеу қиындықтары бар оқушымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті, Долголевец Алмагүл Қайырқызы, жоғары санатты қазақ тілі мұғалімі қазақ тілі сабақтарында жұмыс жасаудың жеке нысандары және әдістерімен таныстырды, Тычина Инна Валентиновна, педагог-сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі «Аутистік спектрдің аурулары бар балаларды үйде оқытудың ерекшеліктері» мәселесіне тоқталды, Баланюк Алена Ивановна, педагог-зерттеуші, физика мұғалімі, сынып жетекші, семинарға қатысушыларды физика, алгебра сабағында аутистік спектрдің бұзылулары бар баламен қолдана алатын тәсілдерімен, әдістемелерімен, тапсырмаларымен таныстырды, осындай білім алушылар бар сыныпта оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтты, Ысқанова Гүлшат Ерболқызы, педагог-ассистент «Аутизмі бар баланы жалпы білім беру үдерісіне интеграциялау процесі» тақырыбында сөз сөйледі, Великая Татьяна Николаевна, педагог-модератор, педагог-психолог - «Инклюзивті ортада аутизм спектрі бұзылған оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында аутистік спектрі бұзылған оқушылармен ойындар, жаттығулар, түзету-дамыту сабақтарын ұсынды.

         № 43 мектеп педагогтарының практикалық жұмыс тәжірибесі семинарға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтердің қызметіне жоғары баға алды. Рефлексия сұрақтар мен жауаптар түрінде өтті, бейімделген бағдарламаларды, жиынтық жұмыстарды құрастыру, оқушылар ұжымдарында әлеуметтендіру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.