kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2188028
Бір айда153041
Бір аптада56930
Кеше8050
Тәулік352
Тоғызқұмалақ бойынша республикалық турнирдің 5 жүлделі орны
26-11-2021 15:14
Тоғызқұмалақ бойынша республикалық турнирдің 5 жүлделі орны

Тоғызқұмалақтан ұлттық ойын бойынша XIII дәстүрлі турнирде Павлодар облысы, Нұр-сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Семей қалаларынан 120-дан астам қатысушы бақ сынасты. Жарыс шахмат Үйінде өтті. Ұйымдастырушылар облыстық «Saryarqa savaly» газетінің редакциясы тоғызқұмалақтан Дүние жүзілік спорт  федерациясымен, облыстың туризм және спортты дамыту басқармасымен бірлесіп өткізді.

Жарыс 5 жас ерекшелік тобында өтті. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 40 қатысушының  қатарында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің  5 оқушысы бар.

І орынды М.Әуезов атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Бүркіт Мирас, Кенжекөл ЖОМ 9 сынып оқушысы Қабдолмажит Аяжан иеленді.

III орынды № 41 ЖОМ 3 сынып оқушысы Сагынтаев Ратмир, № 7 ЖОМ 9 сынып оқушысы Тұрлыгазы Динара, Кенжекөл ЖОМ 9 сынып оқушысы Жандосұлы Ерқанат иеленді. Турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Saryarqa savaly» облыстық газеті редакциясының құнды сыйлықтары және дипломдарын алды.