kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2188122
Бір айда153135
Бір аптада57024
Кеше8050
Тәулік446
Жас суретшілердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі
30-11-2021 09:56
Жас суретшілердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күні қарсаңында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде сәндік - қолданбалы өнер бойынша «Ою-өрнек - көзге арналған әуен» және «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреттері» атты 2 көрме ашылды.

Сәндік-қолданбалы өнер бойынша көрмеде Шамиль Ракымбекович Шушаев пен Ляйля Мукарамовна Магзамованың жетекшілігімен орындалған 75 жұмыс көрермен назарына ұсынылды. Сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі жұмыстарының негізінде, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ою-өрнектерінің элементтері жатыр. Ою-өрнек уақыт байланыстырушы буын, өнер мен қолөнердің дамуындағы сабақтастық. Әр халықтың ою-өрнектерінің түрлері бірдей аталады: зооморфты, өсімдік әліптес, космогониялық және геометриялық.

Көрме жұмыстарынан аралас техника, пэчворк, кесте, коллаж түрінде жасалған ою-өрнек элементтері бар кілемдерді-символдарды, өрнекті мотивтерді көруге болады. Көрме Қазақстандағы көпұлтты халқтардың мәдениетін, дәстүрі мен бірлігін бейнелейді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреттер көрмесінде оқушылардың түрлі техникада орындаған жұмыстарын көруге болады. Лариса Алексеевна Кузнецованың тәрбиеленушілері осы іс-шараға арнайы майлы графика техникасын игере отырып, суреттер орындады. Оқушылар Дарья Терейковская, Виктория Правдивец қарапайым қарындашпен графика техникасында, Анна Иванова түрлі-түсті қарындаштармен өз жұмыстарын орындады. Гүлназ Өтегенованың, 14 жаста, графика техникасында орындаған Президенттің өте күлімсіреген және ашық бейнесі шықты.

29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында өткен «Тәуелсіздік - балалар көзімен» - «Независимость - глазами детей» облыстық көрмесіне Павлодар қаласы көркемсурет мектебі оқушыларының 74 жұмысы ұсынылды. Көрмеде Ақсу қаласы, Баянауыл ауданы Майқайың кенті, Аққулы ауданының өнер мектептері, Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебі оқушыларының барлығы 100-ден астам жұмыстары қойылды.

Мектеп оқушыларының суреттерінің тағы бір көрмесі 30 желтоқсанда Павлодар қаласының оқу-өндірістік комбинатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі басшысының қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінің президенттерімен кездесуінде ұсынылды.