kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2188072
Бір айда153085
Бір аптада56974
Кеше8050
Тәулік396
Павлодарлық оқушылар жасұландықтар қатарына енді
30-11-2021 14:25
Павлодарлық оқушылар жасұландықтар қатарына енді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларын, белсенділерін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау дәстүрге айналды.

30 қараша күні Тұңғыш Президент - Елбасы күні қарсаңында «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына қосылудың салтанатты рәсімі қаланың 22 мектебінде өтті. Жасұландықтар қатарына 5 - 7 сыныптардың 1526 оқушылары кірді. № 26 ЖОМ-да оқушыларды балалар ұйымына қабылдау рәсіміне Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов қатысты.

Балалар ұйымының қатарына кірушілерге галстук тағу және «Жас Ұлан» белгісін тапсыру құқығы мерекенің құрметті қонақтарына - педагогикалық еңбек ардагерлеріне, балалар қозғалысының ардагерлеріне, жас мамандарға берілді. Жасұландықтар ұйымның барлық істері мен жобаларында белсенді болуға салтанатты ант беріп, «Жас Ұлан» әнұранын орындады.

Өз құттықтауларында мектеп директорлары, қонақтар жасұландықтарға нағыз патриот болуға, өз Отанын шын жүректен сүюге, өзіне және халқына сенуге, қоғамның игілігі мен елдің өркендеуіне қызмет етуге тілек білдірді.

Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдердің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманизм, толеранттылық және демократия қағидаттары негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылады. Ұйымның мүшелері үздік оқушылар, оқу озаттары, түрлі байқаулардың, олимпиадалардың жүлдегерлері, спорттағы үздік, шығармашылық жұмыспен айналысатын және қоғамдық өмірге белсенді қатысатын белсенділер болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жасұланшылар қатарына 1400 оқушыны қабылдау, қаланың 20 жалпы білім беретін мектебінде өтеді.

Бүгінгі таңда бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарында 7 - 16 жас аралығындағы 23610 оқушы бар, оның ішінде «Жас Ұлан» қатарында - 11942, 5 - 10 сынып оқушылары, «Жас Қыран» қатарында - 11668, 1 - 4 сынып оқушылары. Ұйымға оқушылардың жалпы санының 52%-ы тартылған. Өткен жылдармен салыстырғанда ұйым мүшелерінің саны 10%-ға өсті.