kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2188028
Бір айда153041
Бір аптада56930
Кеше8050
Тәулік352
Музыканттарға мерекелік арнау
03-12-2021 14:53
Музыканттарға мерекелік арнау

Биылғы оқу жылында байқау тыңдауынан өтіп, Павлодар қаласының Балалар музыка мектебіне 260 оқушы түсті. Мектепте 6 - 17 жас аралығындағы 1000 оқушы оқиды, оның ішінде фортепиано бөлімінде 280 оқушы, жеке және ансамбльдік ән айту бөлімінде  - 171, соқпалы және үрмелі аспаптарда - 86, қазақ халық аспаптарында - 203, ішекті аспаптар бөлімінде - 105, орыс халық аспаптарында - 155, дайындық сыныбында 32 оқушы.

Бірінші сынып оқушыларын құрметтеу мерекесінде таңғажайып және керемет музыка өнері туралы ертегі қойылымы өтті. «Музыканттарға арнау» дәстүрлі мерекесіне ертегі кейіпкерлері Музыка Патшасы, Жалқаулық, Жалған нота құттықтауға келді.

Қойылымда бірінші сынып оқушыларын шатастырып, мерекелерін бұзуға тырысқан Жалқаулық пен Жалған нота кейіпкерлеріне негізделген. Алайда, бірінші сынып оқушылары оқу жылының басынан бастап алған білімдерін көрсетіп, музыкалық сауаттылық бойынша қойған сұрақтарына оңай жауап бере алды. Орындаушылардың жарқын музыкалық нөмірлері залдағы барлық қонақтар үшін нағыз сыйлық болды.

Дәстүр бойынша мерекеде бірінші сынып оқушылары жас музыканттың антын - жақсы оқуға және мектептің абыройын қадірлеуге уәде берді. Музыка Патшасы бастаған ертегі кейіпкерлері балаларға тәтті сыйлықтар сыйлады.

«Музыканттарға арнау - Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің тамаша дәстүрі. Бірінші сынып оқушылары үшін осы қызықты күні олардың қатысуымен нағыз мереке, көңілді ертегі қойылымы, ең жақсы концерттік нөмірлер өтеді», - дейді мектеп басшысының м.а. Ольга Леонидовна Бобровская.