kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3093781
Бір айда211128
Бір аптада44924
Кеше7780
Тәулік1142
Оқушыларды қаржылық сауаттылыққа оқыту жобасы туралы
08-02-2018 17:12

Облыстық мәслихат депутаты В.П. Бойчиннің бастамашылық етуімен Павлодар қаласының мектептерінде өскелең ұрпақтың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша жобасын іске асыру жұмысы басталды.

Жаңартылған білім беру мазмұны, жоғары сатыларда 10 - 11 сыныптарда оқытуды профилизациялау шеңберінде «Экономика және қаржылық сауаттылық» курсын енгізу көзделіп отыр. Халық банкі жобасының шеңберінде қаржылық сауаттылықты пилоттық енгізу жаңа бағамды енгізу үшін дайындық болып табылады. 

Банк саласының тәжірибелі мамандары таңдауы бойынша пән ретінде  қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курсын таңдаған оқушыларға, практикалық курстар өткізеді.  

Курс 14 сағатқа шамаланған. Бағдарлама мазмұны тәжірибелі-бағдарланған сипатта, цифровизациялау жағдайында талап етілетін, өмірлік маңызды құзыреттерін қалыптастыруды игереді.

Бағдарламада оқушыларға кредиттік карталарды пайдалану, несие беру жағдайларын, мерзімді салымдар ашуды, түрлі төлемдерді онлайн-қызметтерде іске асыруды, кассалық және аудармалы операцияларды жүргізуді үйретуді болжайды.

Одан басқа, тәжірибелі-мамандар оқушыларды SMS-банкингтің басымдылығына, есеп шоттарын қашықтан пайдалануды, «myHalyk» мобильді қосымшаларын пайдалануды, Интернет желісінде есептесуді пайдалану мүмкіндіктерін үйрету міндеттерін іске асыруды көздеп отыр.

2018 жылға 12 ақпанда 12-00 №17 ЖОМ (Катаев көшесі, 68) жобаның басталу рәсімі өтеді және «Қаржылық сауаттылық» бойынша арнайы кабинеттің ашылуы іске асырылады.

Бағдарламаны презентациялау барысында оқушылар теңге тарихынан, бірінші боп Павлодар облысында бастау алған,  Қазақстан Республикасының төлем карталарының пайда болуы туралы қызықты фактілермен таныстырылады, ақшаның түпнұсқалығын (шынайылығын) айыратын тәсілдер көрсетіледі. Курс бағдарламасының презентациясына ата-аналар шақырылды. Олардың назарына Халық банкінің оқушыларға төлем карталарын ашу бойынша ұсыныстары ұсынылды, осы төлем карталары бойынша балалар өз ата-аналарымен шектелген қаражат шегінде есеп айырысуды іске асырылады.

 Бұл жоба қаланың 34 мектептерінде жүзеге асырылады деп күтілуде, аталған курстарда 8 - 11 сыныптардың 800 оқушысы қамтылатын болады. 

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі