kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2895956
Бір айда228921
Бір аптада48769
Кеше9843
Тәулік5081
Балдәурендегі ұмытылмас қысқы күндер
13-02-2018 16:12
Балдәурендегі ұмытылмас қысқы күндер

Жаңа жылдың басынан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына Павлодар қаласы мектептерінің 200-ден астам оқушылары келді.

Дем алу, сауығу және білім алуға арналған 15 күнде оқушылар  коньки, шаңғы теуіп, таза ауада бос уақыттарын өткізіп, денсаулықтарын жақсартты.

Облысымыздың жастар бастамаларын дамыту Орталығымен бірлесе дискотека өткізілді. Осы күні орталықтың жас белсенділері дем алушыларды музыкамен ғана қуантып қоймай, отрядтар арасында би батлдарын ұйымдастырып,  ойындармен конкурстар өткізді. «Сұңқар» педагогикалық отрядымен баршаның тағаттана күтетін тәлімгерлер концерті ұсынылды. Олар көрермендерге ән айтып, би билеудегі өздерінің шығармашылық қабілеттерін  көрсетіп, алуан түрлі ойындар, сайыстар өткізді және балаларға ұмытылмас қуанышты көңіл күй сыйлады.

Осындай ұмытылмас   қыстың соңғы күндері және ұжымдағы жылыжай атмосфера оқушалардың есінде көпке дейін сақталып қалады.

«Балдәурен шеберлер қалашығы» атты келесі ауысым бағдарламасы шеберлік сағаттарға, спорттық-ойын-сауықтарға, танымдық-дамытушы іс-шаралар мен ойындарға толы.