kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2878245
Бір айда240993
Бір аптада40616
Кеше2189
Тәулік1995
Шығармашылықта шек жоқ
12-03-2018 12:50
Шығармашылықта шек жоқ

Латвияның Юрмала қаласында өткен «Мен теңіз жағалауында тұрамын 2018» XVII  халықаралық көрнекі байқаудың қорытындысы белгілі болды. Сайыстың тақырыбы жыл сайын өзгерсе де, теңіз оның үйлестіру орталығы болып табылады. Әрбір адам теңіз, өзен, мұхит және көлдің жағалауында тұра алады. Әрбір адам гулді және құмды теңізде өмір сүре алады. Біздің бәрімізде теңіз армандары бар, сондай-ақ бәріміз шығармашылықпен айналысып, сурет салып, әдемі заттар жасауға тырысамыз. Осы жылы байқаудың тақырыбы «Көпір» деген атқа ие болды. Байқауға 29 әлем елдерінің 4 - 25 жас аралығындағы жас суретшілердің 4651 жұмысы ат салысты, солардың ішінде № 2 Балалар көркемсурет мектебінің 17 оқушысы бар еді.

Көркемсурет мектебінің жас оқушылары «Кескіндеме» номинациясында үш марапатқа ие болды.

4 - 7 жас санат арасында мектебіміздің 7 жасар оқушысы  Рита Жарокова гуашь техникасында орындаған «Менің жанұям» жұмысы мен алтын медальді жеңіп алды, ұстазы Наталья Васильевна Герусова.

Ал Василиса Михальченко (7 жаста) Сәуле Бейбітхановна Пернебаеваның жетекшілігімен «Бұл менің қалам» атты аралас техникада орындаған жұмысымен күміс медальға ие болды.

«Теңізде» атты жұмысты пуантилизм техникасында орындаған  (10 жастағы) София Чумак алғыс хатпен марапатталды, жетекшісі Ольга Ивановна Ловина. София әртүрлі сайыстардың белсенді қатысушысы болып табылады, осы жылы ол «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» республикалық байқауында жеңімпаз дипломына ие болды.