kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3001755
Бір айда205123
Бір аптада38408
Кеше7394
Тәулік50
«Өркенің өссін» қалалық конкурсы туралы
06-04-2018 15:54

9 сәуір – 14 мамыр «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2017 - 2018 оқу жылына «Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар қаласының мемлекетік тілде оқытылатын 7 сынып оқушылары арасында «Өркенің өссін» конкурсын өткізеді.
2018 жылы 9 - 13 сәуір аралығында байқаудың жартылай финалы № 24 ЖОМ-де өтеді.
Байқаудың мақсаты - халқымыздың ата - бабадан келе жатқан, ана тілге деген құрметті көрсете отырып, болашақтағы жастардың бүгінгі рөлін, атқаратын қызметін, кіші мен үлкенге деген құрмет сезімін, парасаттылық сияқты үлгі істерін насихаттау
Қалалық байқаудың шарттары:
1 бөлім «Ұлттың тілі - ұрпақтың жаны...» - таныстру.
2 бөлім «Ана тілі - асылың» - капитандар байқауы.
3 бөлім «Сөз өнері өленде...» - шығармашылық байқау - ән, мәнерлеп оқу, көрініс.
Бағалау критерийі.
Өзін еркін ұстау қабілеті, сыртқы көрінісі, сахналығы, сұлулығы, мемлекеттік тілді білу деңгейі.
Дұрыс жауап.
Шығармашылығы, нөмірдің көркемдік рәсімделуі.
Тақырыптың түпнұсқалығы.
Тіл тазалығы.
Міндетті түрде ұлттық киім.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мамыр айында өтетін финалға қатысады.
Тел. 322343, 87054084828

Павлодар қаласының білім беру бөлімі