kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3032090
Бір айда111714
Бір аптада21533
Кеше3720
Тәулік3126
Бірінші музыка мектебі оқушыларының жетістіктері
16-04-2018 10:44
Бірінші музыка мектебі оқушыларының жетістіктері

Облыстың 80 жылдығына арналған жас музыканттардың  51-ші облыстық білім беру конкурсына 8 - 17 жастағы Павлодар, Екібастұз қалаларынан, Железин, Ертіс және Шарбақты аудандарының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің шекті, үрлемелі және ұрмалы аспаптар бөлімдері, ансамбль ұжымдарынан 140-тан аса оқушы қатысты. Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің намысын екі ансамбль және 10 жеке орындаушы құрамындағы 25 оқушы қорғады.

Конкурс 12 - 13 сәуір күндері «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешенінің концерт залында өтті. Мақсаты - музыкалық білімді дамыту, талантты балаларды қолдау.

Конкурстық тыңдалымдар барысында барлық жас ерекшелік топтарда нағыз шығармашылық жарыс орын алды. Музыкалық колледждің оқытушылары қатарынан құрылған қазылар алқасының мүшелері жас музыканттардың жоғары орындаушылық деңгейін ерекше атап өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша № 1 музыка мектебінің оқушылары үздік нәтижелер көрсетті - 3 бірінші орын, 3 екінші, 4 үшінші, 2 сертификат.

І орынды «Гварнери» скрипкашылар ансамблі (жетекшісі Наталья Викторовна Захарчук, сүйемелдеуші Ерисова Наталья Васильевна), қиын бағдарламаны саксофонда орындағаны үшін Кайыржан Архат (педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников), Б.Базарбаевтың «Экспромт» маримбада керемет орындағаны үшін Айтмагамбетов Тимур иеленді (педагогы Александр Александрович Андрющенко, сүйемелдеуші Евгения Яковлевна Гуйо).

Жеке орындауда II орынды Домарь Эдуард (педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников), Домбровский Шандор (педагогы  Александр Александрович Андрющенко, сүйемелеуші Евгения Яковлевна Гуйо) және Маратов Айтуар иеленді (саксофон), педагогы Оксана Олеговна Минаева, сүйемелдеуші Рябовол Светлана Леонидовна.

Бірінші және екінші музыка мектептерінің «Классик модерн» бірлескен дуэті ІІ орын алды.

III орынды Сейтказина Аружан (педагогы Людмила Дмитриевна Романова, сүйемелдеуші Светлана Евгеньевна Фисенко), Ахметзянова Наиля (педагогы Евгения Михайловна Лысова, сүйемелдеуші Марина Юрьевна Бойко), Маскалец Григорий иеленді (педагогы Константин Сергеевич Макаров, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников).

Конкурс жеңімпаздарын дайындаған педагогтар мен сүйемелдеушілер облыс білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды.

«Әр жаңа конкурс - бұл бәрінен бұрын Қазақстанның ұлттық өнерін дамытуда үлкен үміт күтетін жаңа жас талантты орындаушылардың жаңа есімдері. Конкурсқа қатысушының орындаушылық деңгейі жеткілікті жоғары деңгейде болды. Сондай-ақ, бұл конкурс өзінің орындауымен өзіне қаратқан талантты есімдерді, жарық жұлдыздарды анықтады», - деді музыка мектебінің басшысы  Ольга Леонидовна Бобровская.

Қарағанды қаласында күзде өтетін 51-ші республикалық конкурсқа Кайыржан Архат және Айтмагамбетов Тимур барады.