kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2775669
Бір айда215000
Бір аптада30567
Кеше2103
Тәулік1420
Болашақ өткенді білгенге ашылады
12-03-2019 12:29
Болашақ өткенді білгенге ашылады

Павлодар  қаласы  білім  беру  бөлімі  «Павлодар дарыны» бос  уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту  орталығымен 2019 жылы 11 наурызда  № 6 мектепте  тарих және  өлкетану  бойынша «Менің өлкем - Ертіс өңірі» қалалық турнир өткізілді. Турнир мақсаты - талантты және дарынды оқушыларды қолдау және дамыту,тарих  және  өлкетану  бойынша күрделі тапсырмалардың дағды мен іскерлігін, білімін тексеру, өз көзқарасын  көрсету. Турнирге  қаланың  30 мектебінен 7 - 8 сыныптың 56 оқушысы қатысты. Турнир 2 кезеңде өткізді - қатысушылар тестік тапсырмалар орындады және « Павлодар облысында туризмді дамыту» эссе жазды, сонымен қатар

«Павлодар облысы қалаларының даму келешегі және мәселелері» тақырыбына шешендік өнер дағдыларын ұсынды. Турнир қорытындысы  бойынша  № 6, 12, 24, 25, 29, 34, 35, 37, 39, 41, Жетекші ЖОМ  тест бойынша жоғары нәтиже көрсетті, эсседе тақырыпты ашты және облыстағы   туризм келешегінің дамуын ұсынды.

Турнирдің  екінші кезеңінде № 29 ЖОМ 8 және 7 сынып оқушылары Ильясов Жанат пен Бельтаева Ясмин І орынға ие болды. Ол  аймақтың дара қалалар, демографиялық, экологиялық, туристік  мәселелелер бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті.

Турнирде 7 - 8 сынып оқушыларымен қатар жас қатысушылар № 37 мектептің 5 сынып оқушылары  Ыңғайбек Жұлдыз  және  Жүкей Аружан қатысты. Тест және эссе бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Аружанға ІІ орын берілді.

Әділ қазы құрамындағы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру институты «Өрлеу» АҚ филиалы, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар Мемлекеттік  педагогикалық  университетінің оқытушылары  өлкетану және тарих бойынша оқушылардың  жақсы білімін  белгіледі.