kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2847007
Бір айда246945
Бір аптада80588
Кеше5598
Тәулік8648
Көптілділік-іс - әрекетте
14-03-2019 15:49
Көптілділік-іс - әрекетте

2019 жылғы 14 наурызда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы «Үш тілде оқыту: ізденістер, шешімдер, перспективалар» тақырыбы бойынша семинар-практикум түрінде өткізілді.

«Үш тілді оқыту жағдайында ОТҮ ұйымдастыру» облыстық эксперимент режимінде жұмыс істей отырып, Павлодар қаласының № 42 мектебі 14 жыл бойы пән мен тілді ықпалдастыра оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуде, 2017 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізетін пилоттық мектептер қатарына енді.

Мектеп әкімшілігінің сөз сөйлеуінде мазмұнын жаңарту жағдайында көптілді білім беруді ұйымдастыру негізі ретінде мектепті дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұжымның қызметі, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп жағдайында үш тілде оқыту процесін ұйымдастыру тәжірибесі ұсынылған.

Іс-шарада педагогикалық ұжым әр түрлі пәндер бойынша гимназия сыныптарында 11 кіріктірілген сабақ өткізу арқылы жұмыс жүйесін ұсынды, оның ішінде ағылшын тілін қолдана отырып «Химия», «Биология» пәндері бойынша көптілді сыныптарда, қазақ тілін қолдана отырып «Қазақстан тарихы», кіріктірілген сабақтарды өткізу тәжірибесі, жаңа стандарттарға сәйкес заманауи білім беру технологияларын қолдану, сабақта сөйлеу қызметін дамыту.

Семинарға қатысушылар элективті курстар, оның ішінде қазақ тіліндегі «Түркітану», «Латын графикасы үлгісіндегі қазақ тілі», ағылшын тіліндегі «Адам және табиғат», «Адам денсаулығын қорғау», «Павлодар Ертіс өңірінің жануарлар және өсімдіктер әлемі», «Компьютерлік ағылшын тілі», «Ағылшын тіліндегі биология және курстарға қатысты.

Өзекті диалог  ЖОО оқытушыларының қатысуымен «Инновациялық идеядан - оны іске асыруға» алаңын ұйымдастыру барысында өтті. Мектеп педагогтары ағылшын тілін қолдана отырып жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша элективті курстар мен сабақтарға дайындық кезінде оқу материалдарын іріктеу мәселелері бойынша әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру клубтар, үйірмелер мен секциялар отырыстарында оқушылар қызметінің түрлі түрлері арқылы ұсынылған: шығармашылық жобаларды қорғау, ОҒҚ конференциясы, экскурсия, дискуссиялар, мастер-класстар, театрландырылған қойылым, спорт мерекесі. «Көрісейік ұлы дала жолында» атты үш тілде театрландырылған қойылыммен аяқталды. Онда ұжымның инновациялық қызметі, көптілді оқыту идеясын практикалық іске асыру ұсынылған, «Инновация алаңы: көптілді оқыту тәжірибесі» көрмесі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Сараптама кеңесінің жұмысына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, оқыту және тәрбиелеудің инновациялық орталығының өкілдері, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Инновациялық Еуразия университетінің оқытушылары, Павлодар қаласы мен облыс аудандарының инновациялық жұмысы бойынша мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.