kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2932918
Бір айда159782
Бір аптада42772
Кеше3173
Тәулік2986
Мұғалімдер жетістіктерінің байқауы
14-05-2019 10:02
Мұғалімдер жетістіктерінің байқауы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Үздік педагог - 2019» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурстың мақсаты-педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды ынталандыру, балаларды тәрбиелеу мен оқыту мүмкіндіктерін кеңейтетін стандартты емес педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды іздеу. Байқауға 30 педагог қатысты, оның ішінде 19 жалпы білім беретін мектептердің 24 мұғалімі және 6 мектепке дейінгі мекемелердің педогогогы.

Байқау нәтижелерін алқалы сараптау комиссиясы анықтады. Бас жүлдені № 16 лицей-мектебінің биология пәні мұғалімі Елена Леонидовна Чайковская, І орынды № 21 ЖОМ тарих және география пәні мұғалімі Гүлмира Болатқызы Есмакаева, ІІ орынды № 19 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Алмас Сансызбайұлы Серікбаев, № 34 ЖОМ Илья Олегович Поляков, ІІІ орынды № 1 ЖОМ экономика және құқық пәні мұғалімі Азамат Жанайдарұлы Сыздықов, № 13 ЖОМ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Светлана Леонидовна Бойченко, № 40 ЖОМ логопеді Қымбат Ғаллиямқызы Матай, № 25 ЖОМ музыка пәнінің мұғалімі Жанұзақ Қорабайұлы Балкенов, № 126 сәбилер бақшасының режиссері, эстетика мұғалімі Ирина Васильевна Пятых. Конкурс лауреаттары № 22 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Нұрмағанбетқызы Жекеева, № 26 ЖОМ география және тарих пәнінің мұғалімі Людмила Сергеевна Терейковская, № 37 ЖОМ тарих, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Маржан Даиргалиевна Сахимзадина, № 16 лицей-мектебінің физика пәнінің мұғалімі Айжамал Сламбекқызы Батаева, № 126 сәбилер бақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айман Аймухамедовна Тукенова.

«Үздік педагог - 2019» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық кезеңде қала намысын қорғайды. «Үздік педагог» байқауы көптеген жылдар бойы педагогтың жеке жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар қалалық білім беру жүйесінің жетістіктеріне де қарайды.