kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2836499
Бір айда248608
Бір аптада82407
Кеше8872
Тәулік940
Павлодар қаласының білім беру ұйымдарына 130 жас маман жолдама алды
14-05-2019 10:46
Павлодар қаласының білім беру ұйымдарына 130 жас маман жолдама алды

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің, музыкалық колледждің түлектерін жұмысқа алдын ала орналастыру шарасына Павлодар қаласының білім беру бөлімі де қатысты.

Алдын ала орналастыру бойынша Павлодар қаласының білім беру ұйымдарына Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің, музыкалық колледждің 130 түлек орналастырылды, солардың ішінде 71 түлек жоғары оқу орындарының түлектері.

Мектепке дейінгі білім беру мамандары мен орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің қажеттілігіне байланысты, педагогикалық колледждің осы мамандықтағы түлектерінің 45% облыстық орталықта жұмыс істеуге қалады. Қалалық музыкалық мектептептің педагогтар қатары11 арнайы музыка мамандарымен толықтырылады. Жыл сайын білім беру ұйымдарына 150-дей жас маман жұмысқа орналасады.