kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2932918
Бір айда159782
Бір аптада42772
Кеше3173
Тәулік2986
Қалалық жалпы білім беретін мектептер директорларының кеңесі
15-05-2019 16:01
Қалалық жалпы білім беретін мектептер директорларының кеңесі

2019 жылғы 15 мамырда Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері директорларының кеңесінде «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдай жасау (инклюзивті білім беру) бойынша қаланың білім беру мекемелерінің қызметі туралы», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, орналастыру, алғашқы және өңірлік есепке уақытылы қою бойынша жұмыс жағдайы туралы», «Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау жағдайы туралы» мәселелер қаралды. Қаланың білім беру мекемелерінде білім сапасы және 11 сынып түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау жағдайы, патронаттық тәрбиешілердің, қорғаншылардың және қамқоршылардың қызметі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын сақтау туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану, қолдану және насихаттау туралы, Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы, әскери-патриоттық тәрбиенің жағдайы, оқушылардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтау туралы, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу, қала мектептері сайттарының жұмыс істеуі мониторингінің қортындылары туралы есептер тыңдалды.

2019 жылы мектептердегі білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) қорытындылары туралы, мектептердегі соңғы қоңырауға дайындық, «Жаз - 2019» балаларды сауықтыру науқанының жазғы кезеңін өткізу, педагогтердің ұлттық біліктілік тестіне дайындықтары туралы мәселелер талқыланды.

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина мектеп директорларының мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға қатысуға дайындау, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктерінің сақталуы мен жай-күйі, тұрғын үйге кезекке уақтылы қою бойынша бақылауды жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жұмыстар, мектеп сайтының қызметі, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мектептерде соңғы қоңырауға дайындық бойынша ұсыныстар берілді.