kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2939375
Бір айда221375
Бір аптада50554
Кеше8020
Тәулік2197
Абай оқуларының үш тілдегі марафоны
06-06-2019 12:43
Абай оқуларының үш тілдегі марафоны

      Павлодар қаласының № 20 лицей-мектеп қабырғасында маусымның 5 жұлдызында «Абайды үш тілде оқимыз» атты әдебиеттік марафон өтті. № 20 лицей-мектебінен 8 - 11 сынып арасынан 30 оқушы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай өлеңін жан-тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін жандар шараға қатысты. Марафонның мақсаты - қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығы арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген рухани бірлігін нығайту.

Марафонда оқушылар өз өнерлерін 8 тілде көрсете білді. Қатысушылар «Көзімнің қарасы», «Қыс», «Болыс болдым мінеки» шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтып шықты. Олардың қатарында 8 сынып оқушылары Рыбин Данила, Штерц Данил, 9 сыныптан Асланбекова Адель, Ершов Степан, Феданова Юлия, 10 сыныптан Акчурина Мария,  Дубинин Илья, Бүркіт Амина, Ермолаева Полина, 11сыныптан Алимхан Ботагөз, Джафарова Айлина, Қайрбай Ғазиз, Саенко Лидия, (2018, 2019 жылдар) пәндік олимпиада, «Абай оқулары», «Ақберен» сайыстарының жеңімпаздары. Марафонның қонақтары, «Балдәурен» бейіндік лагерінің оқушылары қытай, түрік, араб, жапон, корей тілдерінде Абай шығармаларын қол шапалақтарымен марапатталды. «Мұндай іс-шаралар оқушылардың білім алушылығын, өлеңге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда елді ұлы Абайдың асыл сөзінсіз елестету мүмкін емес», - дейді мектеп директорының орынбасары Сулейман Роза Темірғалиқызы.