kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2914993
Бір айда254451
Бір аптада35746
Кеше6139
Тәулік3946
Менің елімнің, жерімнің музыкасы
10-06-2019 10:41
Менің елімнің, жерімнің музыкасы

Павлодар қаласының музыка мектебінде «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» ІІ фестивалінің жабылуы өтті. Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша «Болашақтың музыка әлемі» жобасы аясында өтті. Гала-концертке Павлодар қаласы музыка мектептерінің құрылымдық бөлімшелерінде фестиваль қорытындысы бойынша үздік шығармашылық топтар қатарынан 300 жас музыкант жиналды.

Концерт музыка мектебінің хор және оркестр ұжымының Л.Мельникованың «Қазақ жері» туындысын жаппай және жоғары деңгейде керемет орындауымен ашылды. Дыбыс ерекше патриоттық көңіл-күймен ерекшеленді. Концертте Құрманғазы, Тәттімбет, Е. Брусиловский, Нұрғиса Тілендиев туындылары, қазіргі заманға сай әрленген қазақ күйлері мен халық әндері шырқалды. Қобызшылар, домбырашылар, гитарашылар, саксофоншылар, жетігеншілер ансамбльдері, орыс ұлттық аспаптар оркестрі, эстрада ансамблі мен «Камертон» камералы ансамблі көрермендерге өз шеберліктері мен таланттарын көрсетті. Концерт көрермендерге жарқын ансамбльді және жеке дауыста ән айту нөмірлерімен есте қалды. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Дания Усинаның «Вместе со своей страной», Янина Симчук - «Қазағымсың», Арианна Рауш - «Жаңа ғасыр» шығармашылық орындауларындағы әндер шырқалды. Музыка мектебі басшысының м. а. Ольга Леонидовна Бобровская «Фестиваль жарқын, әрі ерекше өтті, осындай іс-шаралар фольклордың әртүрлі жанрларына деген қызығушылықты одан әрі дамытуға, қазіргі заман көрермендері үшін қызықты бірегей өнер туындыларын жасауға мүмкіндік береді», - деді.