kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2962425
Бір айда241063
Бір аптада61846
Кеше13645
Тәулік1470
Астана күні мерекесіне қатысу
03-07-2019 15:48

2019жылы 1 - 6 шілде аралығында  Павлодарқаласы білім беру бөлімі мектеп,қосымша білім беру мекемелерімен  бірлесіп, Астана күні  мерекесіне арналған шаралар өткізеді.

1 - 5 шілде аралығында «Жигер»балалар-жасөспірімдер клубының 16 аула клубтарында жаппай-спорттық шаралар, «Superбала» көңілді жарыстар өтеді.3шілде де «Нұр-Сұлтан - столица Казахстана» фильмі көрсетіледі, 4 шілде де, «Знатоки истории» викторина-ойыны, 5 шілде «Өнерім саған -Тәуелсіздік Қазақстан!»вокалдық байқау өтеді. Шараға мектеп жанындағы  лагерьлерден 2 мыңнан аса балалар, ықшамаудан балалары,ата-аналар қатысады.

3- 5 шілде де 42 мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлерде байқаулар, викториналар, Елбасы Н. А. Назарбаев - ҚазақстанРеспубликасының Алғашқы Президенті, Астана Күніне арналған жалпы 2 мыңнан аса бала  қамтылуымен мерекелік концерт өткізіледі.

Павлодар қаласының балалар көркемөнер мектебінде 5 шілде де «Ел жүрегі Нұр-Сұлтан» көрмесі ашылады. Мектеп оқушыларының 30 аса жұмысы ұсынылады. Көрме 15 шілдеге дейін ұзартылады. Ашылуға павлодарлық суретшілер шақырылды, балалар, педагогтар қала тұрғындары қатысады.

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту балалардың дарындылығын дамыту орталығы мектеп жанындағы балалармен бірлесіп 5 шілде де қалалық саябақта «Арман қала» мерекелік бағдарламасын ұсынады.6 шілде де «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында «Балуан Шолақ «Жаужүрек» театралдық көрінісі ұсынылады.