kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2918248
Бір айда130380
Бір аптада18857
Кеше3780
Тәулік202
Жаңа үлгідегі ертегі сарыны бойынша балалардың сахналық көрінісі
04-07-2019 09:02
Жаңа үлгідегі ертегі сарыны бойынша  балалардың  сахналық көрінісі

Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Әлем. Бала» жоба аясында 2019 жылы 28 маусым және 2 шілдеде «Сказка на новый лад» қалалық жазғы жобасына қаланың 27 жалпы білім беру мектептерінен әртүрлі жастағы 485 оқушы қатысты. Сахналық көрініс қалалық саябақ сахнасында өтті. Мақсаты - сахнада өнер көрсетуге дағдыландыру, оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өнерге баулу арқылы оң сезімін қалыптастыру, көркемдік талғамы мен қызықты идеяларын, қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту, қызығушылығы бойынша  бос уақытын қамту.

Қатысушылар жаңа үлгіде ежелгі ертегінің бірінен көрініс көрсету керек. Оқушылар мына ертегілердің сюжетін таңдады «Теремок», «Репка», «12 месяцев», «Красная шапочка», «Ит пен мысық», «Бауырсақ», «Алладин», «Алдар-косе и жадный бай», «Три поросенка», «Колобок», «Золотая рыбка». Байқау шарты бойынша өнер көрсету бес критерии бойынша бағаланды: әртістілігі, креативтілігі, түпнұсқалығы, костюмдердің болуы (элементі), сюжеттің заманауи баяндалуы.

Байқау қорытындысы бойынша 12 жүлделі орын анықталды. «Теремок» ертегісінің сюжетін көрсеткені үшін I дәрежелі дипломына Кенжекөл ЖОМ «Золотой ключик»  командасы, № 25 ЖОМ «Достық» («Бауырсақ»), № 28 ЖОМ «Алые паруса» («Волк и семеро козлят») иеленді. II дәрежелі дипломмен № 9 ЖОМ «Тилибом» командасы («Репка»), №18 ЖОМ «Светофорики» («Теремок»), № 36 ЖОМ «Солнечный город» («Репка») марапатталды.  III дәрежелі дипломмен № 4, 7, 14, 16, 22, 36 командалары марапатталды. «Приз зрительских симпатий» номинациясымен  № 26, 33 мектеп командалары, № 41, 43 мектептің  «Юные театралы» - командалары марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін № 5, 17, 13, 32, 35, 38, 39, 42, Жетекші ЖОМ марапатталды.

Байқау қатысушылары қалалықтар мен балаларға өздерінің театралдық қабілеттерін көрсетіп, ертегі сюжетінің  қазіргі  түсіндірмесімен таңқалдырды. Ертегі кейіпкерлері, ертегі сюжеттері біздің күндердің шынайлығымен қалай шырмалатынын бақылау қызықты болды.