kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3064770
Бір айда285613
Бір аптада43803
Кеше2859
Тәулік219
Балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту
12-08-2019 09:41
Балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде жазғы демалыс кезінде «Артлайф - 2019» бейіндік лагері жұмыс істейді. Лагерь бағдарламасы мектеп жанындағы лагерь оқушылары мен шағын аудан балалары үшін «Пленер», «Артлайф» жобаларынан тұрады. Мақсаты -қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамту, әр түрлі техникада сурет салу дағдыларын қалыптастыру, бейнелеу шығармашылығын дамыту.

«Пленер» жобасы аясында қатысушылар, мектеп педагогтарымен бірге таза ауада, қала көшелерінде әр түрлі пейзаждық этюдтерді суреттер салды. 15 адамнан тұратын балалар тобы Баянауылдың қасиетті жерлері бойынша көшпелі пленерге қатысты.

«Артлайф» жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына мастер-класстар мен экскурсиялар жүргізілді. Мектеп педагогтары Шамиль Ракымбекович Шушаев, Алексей Александрович Балин, Светлана Евгеньевна Рейн, Дария Карангуровна Батмаева кескіндеме, акварель, мүсіндеу бойынша  арт-эксперименттер өткізді. Әсіресе балаларға ермексаздан жануарларды мүсіндеу қатты ұнайды. Мектеп жанындағы лагерьдің 250-ге жуық оқушылары сәндік-қолданбалы өнер бойынша экскурсияға келді. «Асық ату» балалар суреттерінің, сәулет макеттерінің конкурстарына 150-ден астам бала қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Гагарин атындағы саябақта сурет көрмесі және көркемсурет мектебінде макеттер қойылды. Жазғы демалыс кезінде бейіндік лагерьде 1500 балаға дейін өз қызығушылықтары бойынша  шұғылданды.