kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2939990
Бір айда221990
Бір аптада51169
Кеше8020
Тәулік2812
Қала мектебінде домбыра кабинеті ашылды
05-09-2019 17:27
Қала мектебінде домбыра кабинеті ашылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мектептерде домбыра сабағын енгізу туралы 2018 жылғы 05 қыркүйекте Павлодар қаласының № 30 ЖОМ-де домбыра кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Кабинеттің ашылу салтанатында Павлодар қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов қатысты. Өз сөзінде әкім біздің ортақ құндылығымыз - домбыра қазақ халқының өзіндік ерекшелігі мен мәдениеттінің насихатталғаны баршамызға маңызды екенін атап өтті. Бұл жас ұрпақтың санасына сіңуі тиіс. Мектептерде балаларды домбырада оқыту қажет. Бұл ең алдымен өнерге қызығушылық танытатын балалар үшін үлкен қуаныш. Домбыра үйірмесіне бірінші жазылған 4-сынып оқушысына әкім қолдан жасалған домбыраны сыйға тартты.

Қазіргі уақытта мектептің 2 - 11 сынып оқушыларының 35 оқушысы домбырамен ойнау үйірмесіне қатысуға ниет білдірді. Мектепте 2 педагог екі топта бастауыш және оқуды жалғастырушы балаларға арналған домбыра үйірмесін жүргізеді. Мектепте домбыра оркестрі құрылады. Кабинетте сабақ өткізуге арналған 12 құрал бар.

Қазіргі уақытта қаланың 15 жалпы білім беретін мектептерінде 337 оқушыны қамтитын домбыра үйірмелері жұмыс істейді. 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиында домбыра сыныбын ашу үшін қала әкімі Қ. Теміршотұлы № 18 мектебіне 3,0 млн. теңге көлемінде сертификат табыстады.