kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2939990
Бір айда221990
Бір аптада51169
Кеше8020
Тәулік2812
«Жыл мұғалімі - 2019» қалалық сайысы туралы
09-09-2019 11:54

2019 жылғы 12-20 қыркүйек аралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімімен «Жыл мұғалімі - 2019» қалалық конкурсы өткізіледі. Конкурстың мақсаты – педагогтың позитивті имиджін қалыптастыру, тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, педагогтың кәсіби өсуін ынталандыру.

Сайысқа қатысу үшін 39 қала мектептерінен (№ 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 34, 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ) 56 мұғалім тапсырыс берді (география - 2, химия - 3, бастауыш сынып - 13, ағылшын тілі - 11, тарих - 7, қазақ тілі - 4, математика - 5, дене шынықтыру - 1, информатика - 4, биология - 1, көркем еңбек - 1, музыка - 1, өзін-өзі тану - 3).

Педагогикалық өтілі 0 жылдан 3 жылға дейін «Үміт» аталымының қатысушалары - 20 педагог, педагогикалық өтілі 4 жылдан 9 жылға дейін «Шеберлік шыңы» аталымына 23 қатысушы, педагогикалық өтілі 10 жылдан 15 жылға дейін «Шоқ жұлдызы» аталымына 13 қатысушы іріктелді.

Әділ қазылар алқасының мүшелері жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» ПКҰО» АҚ филиалының өкілдері, педагог шеберлігі орталығы филиалының тренері, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің тәжірибелі мұғалімдерінің қатарынан құрылды.

Бірінші іріктеу турының қорытындысы бойынша сайыскерлер соңғы кезеннің қатысушылары болады.

Бірінші іріктеу кезеңі шеберлік - сынып «Менің инновациялық тәжірибем» 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 21 жалпы орта мектебінде өтті.

2019 жылдың 19 - 20 қыркүйегінде сағат 8:45-ден 13:00-ге № 21 жалпы орта мектепте (Камзин көшесі, 346) дейін Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Жыл мұғалімі - 2019» - «Кәсіби шеберлік» (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) қалалық конкурсының II кезеңді өткізеді.

«Жыл мұғалімі - 2019» қалалық сайысының жеңімпаздары «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинацияларында анықталады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі