kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2940162
Бір айда222162
Бір аптада51341
Кеше8020
Тәулік2984
Саламатты өмір салтын қалыптастыру
09-09-2019 14:32
Саламатты өмір салтын қалыптастыру

Бауыржан Момышұлы атындағы  жалпы  орта білім беру мектебінде 2019 жылдың 6 қыркүйекте өткен «Денсаулық аптасы» акциясының нәтижелері «Көңілді старт» ойынымен қорытындыланды. Мектептің футбол алаңында «Көңілді старт» жарысына ата-аналармен бірге 4-сынып оқушыларынан құралған 5 команда қатысты. Әркім өзінің күшін сынап көруге, шеберлігін, өзін-өзі шындауда, ерік-жігерін көрсетуге мүмкіндігі болды. Байқау бағдарламасына «Менің отбасым» сурет салу байқауы, «Жылдам паровоз», «Кім жылдам» эстафеталары кірді. Жарыс көңілді өтті, әсіресе ата-аналардың балалармен бір ойыннан екінші ойынға жету деген қызығушылықтары арта түсті.

    Жарыстың нәтижесі бойынша І орынды «Мәңгілік ел» командасындағы анасы, әкесі, ұлы Алижаннан тұратын Ирсаевтар отбасы иеленді. Олар  шеңберді тезірек жүгіріп, допты қағып алып, иллюстрациялы суреттерді қағазға түсіре алды. Оларға ұйымшылдық, жеңіске деген ұмтылыс көмектесті. II орынды «Қыран» командасындағы  анасы, әкесі, ұлы Әлиден тұратын Әлібековтер отбасы иеленді. ІІІ орынды «Шымыр» командасындағы  анасы, әкесі, ұлы Әмірден тұратын Жексеновтер отбасы иеленді.  Жүлдегерлер мен жеңімпаздар  грамоталар және дипломмен марапатталды.

Денсаулық апталығы барлық оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздар ұжымына өзінің жарқындығымен, әр түрлі жарыстардың өткізілуімен, оқушылардың сайыстарды дұрыс ұйымдастыра білуімен есте қалды. Мектептегі барлық іс-шаралар 1 - 11 сыныптар арасындағы 1956 оқушының қатысуымен өтті.  Бастауыш сынып командалары эстафетаның әр түрінен жарысты: «Сергіту сәті», «Кім жылдам», «Теннис», «Сурет салу», «Жылдам паровоз». Жаппай іс-шаралар өткізілді: «Үстел теннисі», «Қозғалыс ойындары», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «қазақша күрес», «Пионербол», «Волейбол», «Баскетбол», «Футбол», «Зияткерлік шахмат ойындары», «Қол күресі».