kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2940162
Бір айда222162
Бір аптада51341
Кеше8020
Тәулік2984
ЖМП бойынша XII Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі туралы
10-09-2019 14:20

2019 жылы 12 қыркүйекте сағат 10.00 -13.00 дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетте жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша математика, физика, химия, биологиядан XII Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өтеді. Мақсаты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылығын көтеру, теориялық білімдері мен іскерлігін тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау үшін қолайлы жағдай құру.

Олимпиадаға қаланың 26 жалпы білім беру мектептерінен 11 сыныптың  51 оқушысы, мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Олимпиада шарты бойынша оқушылар жоғарғы аталған жаратылыстану-математикалық  бағыттағы пәндер бойынша тесттік тапсырмаларды орындайды. Олимпиада қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған 10 қатысушы 2019 жылы қазанда олимпиаданың облыстық турына қатысады.

 Павлодар қаласы білім беру бөлімі