kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2939990
Бір айда221990
Бір аптада51169
Кеше8020
Тәулік2812
Жас шахматшының жұлдызды жолы
11-09-2019 09:23
Жас шахматшының жұлдызды жолы

Малыгин Владислав, Павлодар қаласы  № 9 гимназия-мектебінің 6 сынып оқушысы шахмат спортының шебері. Қазақстанның 14 жасқа дейінгі  шахматистерінің  мықты ондығына енеді.

Владтың шахматқа деген қызығушылығы бала кезінен басталып 4 жасынан айналысты. Бүгінгі таңда облыстың, қаланың бірнеше мәрте чемпионы, Қазақстан республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Кубогы үшін республикалық шахматтар турнирінде Астана қаласында  ІІ орынға ие болды (2017 жыл), Павлодар қаласында Қазақстанның 14 жасқа дейінгі классикалық чемпионатында - І орын, халықаралық шахмат турнирінде Чехияда - І орын, Қазақстанның «Уфимцев А. Г. мемориалы»  балалар кубогында   Қостанайда - ІІ орын (2019 жыл).

         Владиславтың феноменалдық жетістігі оның зор талабының, еңбек сүйгіштігінің, өзіне деген үлкен сенімнің нәтижесі. Владиславқа  үлгі оның отбасы, отбасы  шахматшылар династиясы - бұл спорт түрімен атасы, анасы, ағасы кәсіби түрде айналысады.

Влад мектепте жақсы оқиды, математика, информатика  пәндерінен жетістіктері ерекше. Мектепте математика  олимпиадасында І орын иегері (2017, 2018 жылдары), қалалық  «Бастау» олимпиадасында І орын  (2017 жыл). Влад  келешекте гроссмейстер болуды мақсат етеді. Бос уақытында кітап оқиды, өлеңдер жазады, мектепте аяқдоп командасы құрамында, мектептің қоғамдық өміріне қатысады. Влад Республикалық «Жас Ұлан» балалар-жастар ұйымының мүшесі, «Біздің кіші бауырларымыз», «Жүректен жүрекке» атты қамқорлық  акцияларының, «Экокросс», «Жасыл  планета» экологиялық  жобалардың бастамашысы.