kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2967260
Бір айда244486
Бір аптада56767
Кеше9624
Тәулік3656
Қала педагогтарын құттықтау
04-10-2019 19:12
Қала педагогтарын құттықтау

Павлодар қаласының педагогтарын салтанатты марапаттау 2019 жылғы 4 қазанда Естай атындағы ҚМС-да Мұғалімдер күніне арналған мерекеде Павлодар қаласының әкімі Қ. Т. Нүкеновтың қатысуымен өтті. Салтанатты мерекеге «Жыл мұғалімі - 2019», «Жыл тәрбиешісі - 2019» қалалық конкурстардың жеңімпаздары, жаңашыл педагогтар мен педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды.

Білім беру жүйесіндегі көпжылдық және жемісті еңбегі үшін іс-шарада педагогикалық отбасы-әулеттерді марапаттау өткізілді, олар туралы видесюжет ұсынылды:

Күзембаевтар әулеті - отбасында 12 педагог, отбасының жалпы педагогикалық өтілі 187 жылды құрайды.

Герусовтар әулеті - Гарусова Лидия Семеновна, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Качура Татьяна Николаевна отбасы дәстүрін жалғастырды, 25 жылдан астам № 36 мектептің директоры болып жұмыс істеді.

Куниязтар әулеті - математика пәнінің мұғалімі Куниязов Садвокас Нурмаканович Ұлы Отан соғысы жылдары жұмыс істеді, соғыстан кейінгі жылдары кәсібін ұлдары мен қыздары жалғастырды, Куниязовтар  әулетінің еңбек өтілі 252 жылды құрайды.

Барлық отбасылық-әулеттер ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Павлодар қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

Саворовская Татьяна Сергеевна,№1 ЖОМ тарих мұғалімі, Солтанғазинова Бота Есмағзамқызы, №35 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, Увалиев Ақылбек Алтынбекұлы, №39 ЖОМ тарих мұғалімі, Медведева Надежда Владимировна, №45 сәбилер бақшасының музыкалық жетекшісі, Оразханова Сандуғаш Серікқызы, № 121 сәбилер бақшасының қазақ тілі мұғалімі, Әубәкірова Гүлбану Болатқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы, Шакенов Сағындык Сембайұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы.

«Жыл мұғалімі - 2019» республикалық байқауының жеңімпаздары, 2,5 миллион теңге көлеміндегі грант иегерлері марапатталды:

Серікпаев Алмас Сансызбайұлы, №19 мектептің информатика пәні мұғалімі, Поляков Илья Олегович, №34 мектептің информатика пәні мұғалімі.

Облыс білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды:

Успанова Гульнара Рахмашевна, №36 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі, Хомутова Светлана Владимировна, №39 ЖОМ химия мұғалімі, Сафронова Валентина Антоновна, № 41 ЖОМ биология мұғалімі, Қайырова Кулмира Сакенқызы, Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, Шаяхметова Людмила Александровна, Жетекші ЖОМ сурет және сызу мұғалімі, Жақсыбекова Нұргүл Ержанқызы, №37 сәбилер бақшасының жетекшісі, Смағұлова Жанна Мұхтарқызы, № 49 сәбилер бақшасының әдіскері, Жұмажанова Бибигүл Аманжолқызы, № 93 сәбилер бақшасының логопеді.

«Жыл мұғалімі - 2019» қалалық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттары марапатталды»:

Бас жүлдені № 19 ЖОМ тарих мұғалімі Күзембаев Аян Сансызбайұлы алды.

І орын - Садықов Рустам Талғатбекұлы,№11 ЖОМ информатика мұғалімі, ІІ орын - Құлжанов Дәуржан Қайыргелдіұлы, № 9 ЖОМ тарих пәні мұғалімі, ІІІ орын - Кончикова Надежда Генадьевна, №17 ЖОМ химия пәні мұғалімі.

«Үміт» номинациясының жеңімпазы-Төлеуов Әлібек Бейсенұлы, №34 тарих мұғалімі.

«Шеберлік шыңы» номинациясының жеңімпазы - Садықова Динара Бауыржанқызы, № 37 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі.

«Шоқ жұлдызы» номинациясының жеңімпазы - Қамбар Әсемгүл Ерболатқызы, № 14 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі.

Лауреат - Шишлов Максим Иванович, № 21 ЖОМ тарих мұғалімі, Нұрғалиева Замзагүл Қабдыжәлелқызы, № 28 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі.

«Жыл тәрбиешісі - 2019» қалалық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттары марапатталды.

Бас жүлдені № 96 балабақша тәрбиешісі Алейникова Лидия Сергеевна алды.

«Үміт» номинациясының жеңімпазы - Кузьгова Зарина Жабраиловна, № 29 балабақшаның тәрбиешісі.

«Шеберлік шыңы» номинациясының жеңімпазы - Қабдулова Әлия Мақсұтқызы, № 30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі.

«Шоқ жұлдызы» номинациясының жеңімпазы - Әмірбекова Ырым Сағатқызы, № 20 балабақшаның тәрбиешісі.

 Лауреат - Бакеева Ботагөз Серікқызы, № 33 балабақшаның тәрбиешісі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Павлодар қаласының әкімімен бірге жалпы суретке түсіру жасалды. Мерекелік концертте қаланың балалар шығармашылық ұжымдары мен танымал қазақстандық әншісі Алтынай Жорабаева өнер көрсетті.