kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2967260
Бір айда244486
Бір аптада56767
Кеше9624
Тәулік3656
Оқушылар шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстарын таныстырды
07-10-2019 16:31
Оқушылар  шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстарын таныстырды

3 қазанда № 30 ЖОМ Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Зерде» шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының  зерттеу қабілеттерін дамыту және  зерттеу жұмыс дағдыларын жетілдіру, зияткерлік-шығармашылық  мүмкіншілігін дамыту.

Байқауға қатысу үшін Павлодар қаласының 39 жалпы білім беру мектептерінің 1 - 7 сыныптың 328 оқушысынан 294  жұмыс ұсынылды. Зерттеу жұмыстарын қорғау 9 секция бойынша өтті - қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология,тарих, өлкетану, этномәденихимия, биология, экология, валеология және  робототехника. Оқушы жобалары әртүрлі бағытта, олардың зерттеулері экология, шаруашылық өнімдерінің зиянкестерімен күрес,қайталама шикізатты өңдеу туралы бүгінгі күнгі өзекті тақырыпты қозғады. Әділ қазы құрамында қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді.

Байқау қорытындысы  ғылым әлеміне  алғашқы  қадам және  олардың зияткерлік және шығармашылық мүмкіншілігін дамыту жолдарына бір қадам жасады,олардың шығармашылық ашылуы мен зерттеуі әрі қарай дамытуға белгілі бір пайдасын келтіреді,өздерінің танымдық және жасампаздық қабілетін дамытып, оқушылардың үнемі ізденісте екенін көрсетті. Жоба қорытындысы бойынша өткізілген байқау туралы ереже талаптарына сай, ең жақсы жобалар  таңдалды.

Жүлделі    орындар  жеке 1 - 4 және 5 - 7 сынып оқушыларына берілді. 110 зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба  авторлары байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері  атанды, оның ішінде бірінші орын - 24,екінші - 38, үшінші - 48. I орын иегерлері № 2, 6, 7, 9, 11, 19, 25, 29, 33, 34, 36, 37, 39, 41, 43,  К. Бекхожин атындағы, Кенжекөл ЖОМ. II  орын иегерлері № 1, 7, 9, 11, 14, 16, 17, 21, 25, 29, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 39, 41, 43, Б. Момышұлы, К. Макпалеев, М. Әуезов атындағы мектептер, Кенжекөл мектеп оқушылары. III орын иегерлері № 1, 11 16, 17, 19, 22, 25, 29, 30, 32, 33, 35, 37, 39, 40, 41, 43, К. Макпалеев, М. Әуезов атындағы мектептер, Кенжекөл мектеп оқушылары. Байқауға экология бойынша № 29 мектептің 4 сынып оқушысы Апсалямова Арлана қағаз қалдықтарын қайта өңдеу бойынша,қайта өңдеуден табыс әкелетін «Қағаз қалдықтарынан бизнес көзін жасау» жобасын ұсынды. № 36 мектептің 3 сынып оқушысы Коржова Маргарита қорғауында «Белянка капустная - вредитель или жертва в мире бабочек» қызықты жұмысы, мұнда ол шаруашылық өсімдіктерінің  зиянкестерімен күрес жолдарын ұсынды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталды, қараша айында облыстық  байқауға  қатысады. Барлық қатысушыларға «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  сертификаты  берілді.