kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3059158
Бір айда318707
Бір аптада85124
Кеше14513
Тәулік2469
Мектеп оқушыларының күзгі демалысы туралы
25-10-2019 17:41

2019 жылдың 28 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Павлодар қаласының мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам оқушысы қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен клубтарда жұмыс істейді және түрлі іс-шараларға қатысады.

Оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру жұмыстары қаланың 8 мектептен тыс мекемелерінде және 17 аула клубтарында жүргізіледі. Қосымша білім беру мекемелерінде оқушылар қызығушылығы бойынша музыкалық, техникалық, көркем, лингвистикалық іс-шараларда, экскурсияларда, спорттық жарыстарда айналыса алады. Ж. Аймауытов атындағы театрға, Чехов атындағы драма театрға, кинотеатрларға бару ұйымдастырылады.

28 қазан күні қалалық білім беру бөлімі мен мәдениет басқармасының «Мұражай достарын шақырады» - «Музей достарын шақырады» бірлескен акциясы басталады, акция оқу жылының соңына дейін жалғасады, мектеп оқушылары үшін музей қызметкерлері қызықты бағдарлама ұсынады.

28 қазан күні № 7 мектепте «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі 30-дан астам оқушы қатысатын «Алма бағы» атты алма бағын салады.

2019 жылғы 28 қазан - 4 қараша аралығында 34 мектептің 5-11 сынып оқушылары үшін математика, физика, биология, химия, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі бойынша мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан «Жас ғалым» және «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебі бойынша сабақтар өткізіледі.

2019 жылы 28 қазанда 2-4 сынып оқушылары қалалық «Бастау» математикалық турниріне қатысады.

29 қазан мен 2 қараша аралығында Алматы қаласында № 5 ЖОМ 16 оқушысы 3 күндік экскурсия жоспарлануда, Бурабайдағы Ботай мәдениеті мұражайына барады № 29 ЖОМ 9 оқушысы, Нұр-сұлтан қаласына тақырыптық экскурсияға № 9 ЖОМ 6 сыныптың 15 оқушысы барады. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында балалар экология және туризм орталығының 50 тәрбиеленушісі Шарбақты ауданының киелі орындарына барады.

31 қазанда қаланың 37 жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары 16 секция бойынша (физика, жер және ғарыш туралы ғылым, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, өлкетану, адам және қоғам, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі) республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі