kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3059158
Бір айда318707
Бір аптада85124
Кеше14513
Тәулік2469
Жас вокалистің жетістігі
08-11-2019 11:25
Жас вокалистің жетістігі

Павлодар қаласының № 2 мектебінің 5 сынып оқушысы Нуралинов Азрет Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үздіктердің үздігі» конкурсында Астана, Көкшетау, Екібастұз, Өскемен, Семей қалаларының талантты және дарынды балалары мен жастары арасында ІІ орын алды.  Конкурста Асхат Қылышбек пен Бауыржан Әлқожаның сөзіне және Жарылқасын Дәулеттің әніне жазылған «Батырлар ұраны» әнін орындады.

Азрет төрт жасынан бастап музыкамен әуестенеді, ән айтуды, би билеп, шахмат ойнауды ұнатады. Өткен оқу жылынан бастап «Pavlodar musik studio»-да вокалмен айналыса бастады. Әндерінің тақырыбы негізінен патриоттық әндер. Вокал бойынша жетекшілері Теміржанова Гүлжан мен Кабдул Сания. Алғаш рет 2019 жылы «Шаңырақ» облыстық орталығының ұлттық шығармасы сахнасында екі рет өнер көрсетті. 2019 жылдың жазында «Ertis Promenade» сахнасында «Достарым менің золотой» әнін орындады.