kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2983251
Бір айда181197
Бір аптада40764
Кеше6883
Тәулік4164
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы мектеп кітапханаларының рөлі
18-03-2020 09:33
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы мектеп кітапханаларының рөлі

2020 жылдың 10 наурызында ауданның мектеп кітапханашылары және облыстың білім беру бөлімдерінің әдіскерлері «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру» мәселесі бойынша тәжірибе алмасты.

№ 16 лицей-мектебінің кітапханашысы Куклина Мария Петровна қатысушыларды мектеп кітапханасының жұмысын реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттармен, есептік және жоспарлы-есептік құжаттаманы жүргізу ережесімен таныстырды. № 35 ЖОМ кітапханашысы Карибаева Айжан Қабдығалиқызы «Заманауи мектеп кітапханасы» атты мастер-класс өткізді. Ол мектеп кітапханашысы жұмысының инновациялық тәсілдері, оның ішінде интерактивті ойын технологиялары, ойын көрмелері, мектеп кітапханасындағы интеграцияланған сабақтар туралы әңгімеледі.  Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде 52 кітапханашы жұмыс істейді, олардың 65%-ы жоғары білімді, 78% кітапханашылардың жұмыс өтілі 20 жылдан астам.