kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2982632
Бір айда180578
Бір аптада40145
Кеше6883
Тәулік3545
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
20-03-2020 17:15
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру

Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 2020 жылғы 16 наурызбен 5 сәуір аралығында және елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаланың білім беру мекемелері оқушылармен жұмысты қашықтықтан жүргізеді. Мектеп мұғалімдері пәндер бойынша қосымша сабақтар, әртүрлі конкурстарға, олимпиадаларға онлайн режимінде қатысу, кітап оқу, ҰБТ-ға дайындық, шығармашылық жобалар бойынша жеке ұсыныстар және кеңестер береді. Мектеп инстаграмының беттерінде оқушыларға білім беру ресурстары, виртуалды мұражайларға, театрларға, электронды кітаптарға сілтемелер ұсынылды.

Сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен тығыз байланыста болады, қызығушылықтары бойынша олардың бос уақытын ұйымдастыру жөнінде әңгіме жүргізіліп кеңестер берілуде. № 20 лицей-мектебінің оқушылары «Қашықтықтан өтетін интернет олимпиадаға қатысу» атты челленджін іске қосты. Лицей балалары өз үлгісімен барлық оқушыларды демалыс уақытын жоғалтпауға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға, түрлі ғылымдар мен пәндер саласында ой-өрісін кеңейтуге шақырады. Балалардың каникулда алған білімдері мемлекеттік қорытынды аттестацияға, ОЖСБ-ға жақсы дайындалуға көмектеседі. Көктемгі демалыс аяқталғаннан кейін ең белсенді және нәтижелі лицей оқушылары марапатталады. № 21 ЖОМ 9 сынып оқушылары «Барлығымыз қазір әр түрлі кітаптар тізімі танымал екенін білеміз. Кітап тізімін құрайық» атты өз «Букчеллендждерін» іске қосты.

8 - 10 сынып оқушылары онлайн режимінде Будапешт қаласындағы Британдық бейнелеу өнері мұражайына, Сальвадор Дали мұражайына қатысады. Орта буын оқушылары ата-аналарымен бірге үйде тұрып сәндік-қолданбалы шығармашылықпен айналысады (кесте тігу, тоқу), ата-аналармен үстел ойындарын ойнайды. № 7, 11, 14, 21, 26, 27, 30, Кенжекөл мектептің 6 - 7 сынып оқушылары КСРО батырларының есімдерімен аталған «Біздің қаламыздың көшелері» жобасының материалдарын дайындайды. Онлайн режимінде мектеп оқушылары ұлттық ішекті аспаптарда ойнау дағдыларын меңгереді. № 31, 32, 33, 38, 40 Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ оқушылары ата-аналарға үй шаруашылығына көмектеседі. Оқушылар өз кіші ағалары және әпкелеріне қамқорлық жасап, ата-әжелерімен  көңілді әңгіме өткізеді.

Төтенше жағдай кезінде талаптарды сақтау мақсатында білім беру бөлімі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциямен бірлесіп ата-аналармен, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ата-аналардың, оқушылардың қатысуымен онлайн режимінде интернет конференциялар өткізу жоспарлануда.