kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2808296
Бір айда152820
Бір аптада26228
Кеше1731
Тәулік344
Балалар суреттерінде Абайдың қара сөздері
24-06-2020 10:15
Балалар суреттерінде Абайдың қара сөздері

   Абайдың 175 жылдығына арналған «Абайдың қара сөздері» атты республикалық балалар суретінің қашықтықтан өткізілген байқауына 2020 жылдың мамыр айында Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің - ЮНЕСКО клубының 15 оқушысы қатысты. Байқауға барлығы Қазақстанның барлық жас суретшілерінің суреттерімен 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Абайдың қара сөзінің суретін түсіну және аудару қабілеті - бұл жеңімпаздарды таңдаудың негізгі өлшемі болды.

 Нәтижесінде сарапшы қазылар алқасына кәсіби суретшілер: иллюстратор және жазушы Асылгүл Байдаралина, шыны, керамика және акварельді кескіндеме шебері Мерей Ибрагимов, суретші-график Мұрат Ділманов, «Балалар әлемді бейнелейді» ҚБ директоры Мөлдір Бекжан және BAURZHAN қорының жоба менеджері Саида Ибрагимова үздік 45 жұмысты, оның ішінде павлодарлық оқушылардың 4 жұмысын  іріктеп алды.

  Жеке қабылдау призмасы арқылы бейнелерді құрмас бұрын, оқушылар «Абайдың қара сөздері» поэзиясының мәнін түсінуге тырысты, түсіндіру бойынша материалдарды қосымша оқыды.Авазбакова Карина, 12 жаста, байқауға фломастермен салған «2 қара сөзге» иллюстрациясын ұсынды, Жексенова Адина, 15 жаста, «Қара сөздер. 4 сөз» жұмысын гушьпен орындады, Полянцева Ангелина, 13 жаста, гуашьпен жасаған «1 сөз» иллюстрациясын орындады, Қайдарова Римма, 14 жаста «9 сөз» суретін орындады. Олардың жұмыстары Абайдың «Қара сөздері» атты балалар суреттерінің альбомына енгізіледі.

   Айта кету керек, жас таланттар түрлі байқаулардың дипломдары мен жүлделерінің иегерлері. Римма Мәскеу қаласында өткен «Шексіз балалық шақ»  халықаралық байқауының жүлдегері (2018 жыл), Ангелина мен Адина, «Ақ бота – 2019» облыстық балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының жеңімпаздары. Оқушылардың жетекшісі -мектеп педагогтары Рейн Светлана Евгеньевна және Решетова Наталия Владимировна.

  Байқаудың демеушілері мен құрылтайшылары «BAURZHAN Foundation» жеке қоры мен «Балалар әлемді бейнелейді» ҚБ, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе болды. Байқаудың мақсаты - жас таланттарды қолдау, жан-жақты дамыған тұлғаларды тәрбиелеу және қолдау, қоршаған ортаны шығармашылықпен қабылдауды дамыту, өскелең ұрпақтың патриоттық және азаматтық сана-сезімдерін қалыптастыру.