kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2808296
Бір айда152820
Бір аптада26228
Кеше1731
Тәулік344
Өз ауласында бос уақытын қамту туралы оқушылардың бейнеролигі
25-06-2020 09:49
Өз ауласында бос уақытын қамту туралы оқушылардың бейнеролигі

   2020 жылғы 23 маусымда Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен «В зазеркалье  онлайн - 2020» жоба аясында «Мен тұратын аула» қалалық жазғы  бейнеролик конкурсы өткізілді. Мақсаты - өз ауласына, қоршаған ортаға  ұқыптылықпен қарау, жазғы кезеңде балалардың бос уақытының қамтылуын    қамтамасыз ету, шығармашылық белсенділігін кеңейту. Қатысушыларға өз ауласында өтетін уақытының мақсаттылығы мен үлгісін көрсету, ауласындағы өзінің  бос уақыты туралы сюжет түсіру керек.

   Қаланың 20 мектебінен (№ 1, 5, 6, 7, 14, 17, 26, 27, 28, 29, 33, 34, 35, 39, 40, 43, № 16 лицей-мектебі, К. Макпалеев, Б. Момышұлы, Жетекші ЖОМ) 44 бейнеролик ұсынылды. Қатысушылар өз ауласындағы бос уақытын ойын, спорт алаңдарында, гүлзарларды күту және суару, велосипед, самокат, скейтборд тебу, спорттық жаттығулармен айналысатынын көрсетті. Барлық бейнероликтер мазмұнды, өзінің ауласына деген сүйіспеншілік, шығармашылықпен жасалған. Ең жақсы жұмыстар  жүлделі  орындарға ие болды.

   I орынға К. Макпалеев атындағы ЖОМ «Позитив» командасы 1 сынып оқушылары, № 27 ЖОМ 2 сынып оқушысы Глейм Максим,  3 сынып оқушысы  Джартыбаева Анеля, Жетекші  ЖОМ 4 сынып оқушысы Тулеубаева Салтанат ие болды. К. Макпалеев атындағы мектеп оқушылары  «Позитив» командасы  тренажер және турниктерде қалай спортпен шұғылданатынын, «Ручеек», «Классики», «Хоровод» ойындарымен қазіргі, ашық балалар алаңында көңілді уақыт өткізетінін көрсетті. Глейм Максим балалық туралы көңілді өлеңмен Микки Мауса  мульткейіпкер қатысуымен бірегей бейнеролик түсірді. Ол өзінің кіші қарындасымен ауласында қалай бос уақытын өткізетінін көрсетті, әткеншек, алтыбақан тебеді, спортпен шұғылданады және «Жаз» тақпағын мәнерлеп оқып шықты. Жетекші ЖОМ «Непоседы» командасы қыздардың әткеншек, алтыбақан теуіп, билеп, көңілді музыкамен спортпен шұғылданып жатқанын әдемі және бірегей бейнеге түсірді.

   II орынға № 1 ЖОМ 2 сынып оқушысы Айратқызы Жанерке, № 6 ЖОМ 4 сынып оқушысы Борилюк Алина, № 14 ЖОМ 1 сынып оқушысы Хаметова Мелисса, № 16 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Киселева Алина, Б. Момышұлы атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Серік Ділнұр, Кабулова Риза, № 35 ЖОМ 1 сынып оқушысы Нұрқайдар Аида, № 40 ЖОМ 3 сынып оқушысы Барбашин Иван ие болды.

   III орынды № 1 ЖОМ 1 сынып оқушысы  Жапакова Арнамыс, 3 сынып оқушысы Жапакова Жадыра,№5 ЖОМ 5 сынып оқушылары Аллахвердиев Камал, Кисенко София,Кузнецова Дарья,Чупрова Ксения, № 17 ЖОМ 4 сынып оқушысы  Татарская София, № 26 ЖОМ 4 сынып оқушысы  Борецкая Виктория, 1 сынып оқушысы Борецкий Руслан, № 28 ЖОМ 4 сынып оқушысы  Шишкин Денис, № 29 ЖОМ 4 сынып оқушысы Арынова Аяжан, № 33 ЖОМ 3сынып оқушысы, Карачик Никита, № 34 ЖОМ 5 сынып оқушысы Волошина Алина, № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Щербакова Алина, 4 сынып оқушысыШевченко Алёна, 5 сынып оқушысы  Кайргельдинов  Умар  иеленді.