kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2808296
Бір айда152820
Бір аптада26228
Кеше1731
Тәулік344
Облыстық зияткерлік сайыстың жүлдегері
26-06-2020 09:28
Облыстық зияткерлік сайыстың жүлдегері

   Павлодар қаласының № 7 жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Әділбекұлы Асхат «Жасын» танымдық-зияткерлік жобасы аясында «Қазақтың қаһармандары» атты облыстық зияткерлік сайысқа қатысып, II орынға ие болды. Байқау Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған жауынгер, стратег, тактик және жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Zoom» платформасында онлайн режимде өткізілді.

  Асхат мектепте жақсы оқиды, мектептің түрлі іс-шараларына, байқауларға белсенді қатысады. Поэзияны ұнатады. «Минута славы» жазғы жобасында Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» әнін орындағаны үшін«Көркем оқу» жанрында ІІ орын алды.

   Зияткерлік байқаудың ұйымдастырушысы облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы болып табылады. Байқау үш бөлімнен тұрды: «Аңызадам», «Дара дарын», «Момышұлы мақсаттары».Олар Бауыржан Момышұлының өмірі, шығармашылығы, ерліктері мен қызметі туралы сұрақтар мен тапсырмаларды қамтыды. Байқаудың мақсаты - батырдың өмірі мен ерліктері туралы білім беру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара «Біз біргеміз!», «Үйде болыңыз!» атты ұранмен өтті. Оған қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 8 сынып оқушылары қатысты.