kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2808232
Бір айда152756
Бір аптада26164
Кеше1731
Тәулік280
Жас бейнеоператорлардың түсірілімі
29-06-2020 10:44
Жас бейнеоператорлардың түсірілімі

   Павлодар  қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығы «В зазеркалье  онлайн - 2020» жоба аясында 2020 жылғы  24 - 25 маусымда «В дружбе - сила» қалалық  бейнеролик конкурсы  өтті. Мақсаты - танымдық, зияткерлік ынтасын белсендіру және дамыту, шығармашылық қызметке баулу, эстетикалық талғамын дарыту, талантты балаларды марапаттау және қолдау. Конкурсқа  қаланың жалпы білім беру мектептерінің 1 - 6 сыныптың 64 оқушысы қатысты.

   Жұмыс бағалау кезінде бейнеролик мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкестігі, бейнеролик құруға шығармашылықпен карау, мазмұны, композициялық құрылымы және сюжет бірегейлігіне, музыкалық сүйемелдеуіне  көңіл бөлінді. 

  Конкурс қорытындысы бойынша I орынды «Мои верные друзья» бейнеролигі № 39 ЖОМ және «Отбасының бірлігі» бейнеролигі үшін Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді. II  орынды Жетекші ЖОМ (2), № 27, 29 мектептер (3), 34 (3), 39, 43 (2) оқушылары иеленді. Олар өз жұмыстарында  достарымен  достық туралы, отбасындағы достық  қарым-қатынас, өздерінің асыранды сүйікті жануарларының қамқорлығын  бейнеледі. III орын алған   № 17 (4 ), 31 (3), 36, 37 (3), 39 (2) мектеп қатысушылары сюжеттің ерекше құрылған  композициясымен ерекшеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығының дипломдарымен марапатталады.