kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2812370
Бір айда110419
Бір аптада26087
Кеше5067
Тәулік4499
Нұр-Сұлтан - тәуелсіз Қазақстанның нышаны
03-07-2020 15:36
Нұр-Сұлтан - тәуелсіз Қазақстанның нышаны

   Астана Күніне арналған мереке аясында 1 - 3 шілде аралығында онлайн тәртібінде Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының балалары әртүрлі шараларға қатысады.

   Еліміздің Алғашқы Президенті туралы телевизиялық бағдарламаға және деректі фильм кезеңін көру ұйымдастырылады,«Ел жүрегі - Нур-Султан» ең жақсы бейне құттықтау, «Проспекты столицы» ең жақсы жаяу маршрут саяхаты, «ASТANA.PhotoFEST.KZ» фотоконкурс байқауы өткізілді. Павлодар қаласының балалар көркемөнер оқушылары «Нур-Султан - символ независимого Казахстана!» тақырыптық сурет көрмесіне өз жұмыстарын ұсынады. Павлодар қаласының балалар музыкалық ұжымы «Аялаған Нұр-Сұлтан» мерекелік концертте Астана, Қазақстан туралы өлеңдерімен ән шырқайды.

  Міне 2-ші жыл Павлодар қаласында қайырымдылық күнін өткізу дәстүрге айналды. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазақ ұлттық аспаптарды игеру,қазақ халқының тарихын,ұлттық шығармашылыққа сүйіспеншілігін баулу мақсатында қаланың барлық жалпы білім беру мектептерінде 1 - 7 сыныптың 1800 оқушы қамтылуымен домбыра үйірмесі қызмет етеді. Павлодар қаласының балалар музыкалық мектебінде домбыра сыныбында қазақ ұлттық аспаптар бөлімінде 5 - 15 жас аралығында 156 бала оқиды. Жыл сайын музыка мектебініңтәрбиеленушілері, қазақ халық аспаптар оркестрі, мектептің домбыра ансамблі әртүрлі деңгейдегі конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

   Оқушылардың адамгершілік-рухани дамыту басым бағытының бірі мектептерде домбыра кабинеттерін ашу болып табылады. 2020 жылы № 18 ЖОМ домбыра кабинеттерін ашу үшін жергілікті бюджеттен 3,0 млн. тенге бөлінді. 2019- 2020 оқу жылдары 13 білім беру ұйымдарында домбыра кабинеттері ашылды. № 1, 9, 17, 19, 30, Кенжекөл ЖОМ әр жылғы мектеп түлектерімен «Мектебіме тағзым» жоба аясында домбыра кабинеттері ашылды. 2020 жылы 3 шілде де домбыра күніне арналған экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ онлайн тәртіпте домбыра кабинеті ашылды. Кабинетте 14 аспап, әдістемелік және оқ әдебиеттері бар. Қазіргі уақытта 1 - 11 сыныптың 15 оқушысы домбыра үйірмесіне қатысуға тілек білдірді, мектеп әрі қарай домбыра оркестрін құру туралы жоспарлауда.