kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2701489
Бір айда209422
Бір аптада42809
Кеше8774
Тәулік608
Жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсының қалалық кезеңі туралы
30-09-2020 15:29

2020 жылы 28-30 қыркүйек аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың  республикалық  конкурсының қалалық қашықтық кезеңі өткізіледі. Мақсаты – талантты және дарынды жас зерттеушілерді  қолдау . 

Конкурсқа Павлодар қаласының 35 жалпы білім беру мектептерінен  8 - 11 сыныптың 239 оқушысы қатысады, олар өздерінің  шығармашылық  және  зерттеу жұмыстарын  ұсынады.

Конкурс шарты бойынша жобаларды  қорғау 19 секциядан  4 бағыттан тұрады: физика, космос және жер туралы техника ғылымы,  математика, қолданбалы математика,экономика, информатика, химия, биология,қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тіл білімі   қазақ, орыс , ағылшын тілі,қазақ әдебиеті,орыс әдебиеті, тарих , өлкетану, этномәдени.

Әділ қазы құрамында  қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейді.Конкурс  қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталады және қараша айында конкурстың  облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі